Негізгі мазмұнға өту

Виртуалды Тіркеу офисі

Білім алушылардың академиялық үдерістерін ұйымдастыру және сүйемелдеу, оның ішінде олардың жеке істерін жүргізу және сақтау; оқу пәндеріне тіркеуді жүзеге асыру; академиялық топтар мен сабақтардың, емтихан сессияларының және қорытынды аттестаттаудың кестесін дайындау; білім алушының академиялық тарихын есепке алу; салыстырмалы ведомостерді рәсімдеу; академиялық кредиттерді қайта есептеу; жазғы семестрді ұйымдастыру; шәкіртақы мен жеңілдікпен жол жүру өтемақыларын тағайындау; GPA көрсеткішін есептеу; білім алушылар контингенті бойынша бұйрықтарды дайындау (оқуға қабылдау, оқудан шығару, академиялық демалыс беру, дербес деректерін өзгерту, оқуын аяқтау және т.б.); білім туралы құжаттарды, оның ішінде дипломдар мен қосымшаларды, сондай-ақ олардың телнұсқаларын дайындау, рәсімдеу және беру; жеке істерді ауыстыру және жолдау үшін құжаттарды рәсімдеу; академиялық мәселелер бойынша кеңес беру.


Ауысу

Білім алушыларды басқа ЖОО-дан Қазақ ұлттық спорт университетіне ауысу

Қазақ ұлттық спорт университетіне Қазақстан Республикасының басқа жоғары оқу орындарынан ауысу қысқы, көктемгі және жазғы каникул кезеңдерінде жүзеге асырылады. Жазғы кезеңде – өтініштер 01 шілдеден 25 тамызға дейін (қоса алғанда) қабылданады. Қысқы кезеңде – өтініштер 23 қарашадан 5 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) қабылданады. Көктемгі кезеңде – өтініштер 02 наурыздан 14 наурызға дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Қосымша сұрақтарыңызды Тіркеу офисінің dinara.mazhitova@knus.edu.kz электрондық поштасына жолдай аласыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Құжаттарды тапсырмас бұрын:

  1. Бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламалары топтары бөлінісінде бір білім алушыға арналған ақылы оқу құнының прейскурантымен
  2. Білім беру бағдарламалары бойынша академиялық айырмашылық пен академиялық қарызды жою кезінде бір кредиттің құнымен танысыңыз

ҚР басқа ЖОО-дан Қазақ ұлттық спорт университетіне ауысу үшін қажетті құжаттар:

  1. Студент білім алып жатқан ұйым басшысы қол қойған және елтаңбалық мөрмен куәландырылған өтініш
  2. Ректор немесе оқу ісі жөніндегі проректор және Тіркеу офисі қол қойған, мөрмен расталған транскрипт (FX/F – «қанағаттанарлықсыз» бағалары болмауы тиіс)

Құжаттарды тапсыру алгоритмі: Жоғарыда көрсетілген құжаттар тізімімен университет деканатына жүгіну қажет (мекенжайы: Астана қ., Қарқаралы көшесі, 15). Құжаттар жеке келу арқылы (қолма-қол) қабылданады.


Оқудан шығару

Басқа жоғары оқу орнына ауысу қысқы, көктемгі және жазғы каникул кезеңдерінде жүзеге асырылады. Емтихан сессиясын сәтті тапсырған және келесі курсқа көшірілген білім алушылар басқа ЖОО-ға ауысу туралы өтініш жазуға құқылы. Толтырылған өтініш білім алушы тарапынан деканатқа жеке жеткізіледі немесе деканға не декан орынбасарына электрондық пошта арқылы жолданады. Өтініште міндетті түрде электрондық пошта мекенжайыңыз бен байланыс телефоныңызды көрсету қажет. Құжаттарды алу үшін деканатқа немесе Тіркеу офисіне жүгіну қажет.

Шаблон

Толтырылған өтінішті білім алушы деканатқа жеке келіп тапсырады. Өтінішті декан қарағаннан кейін бұйрық рәсімдеу үшін Тіркеу офисіне жолдайды. Бұйрық өтініш Тіркеу офисіне түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде шығарылады. Егер сіздің компьютеріңізде Platonus жүйесіне кіру бұғатталған болса, бұл бұйрықтың шыққанын білдіреді. Бұйрықтың көшірмесін деканаттан алуға болады. Оқудан шығу бойынша кеңес алу үшін деканатқа немесе Тіркеу офисіне жүгінуге болады.

Қосымша сұрақтарыңызды Тіркеу офисінің dinara.mazhitova@knus.edu.kz электрондық поштасына жолдай аласыз.


Қайта қабылдау

Қазақ ұлттық спорт университетінде бұрын білім алған тұлғаларды оқуға қайта қабылдау қысқы, көктемгі және жазғы каникул кезеңдерінде жүзеге асырылады.
Жазғы кезеңде – өтініштер 01 шілдеден 25 тамызға дейін (қоса алғанда) қабылданады.
Қысқы кезеңде – өтініштер 23 қарашадан 5 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) қабылданады.
Көктемгі кезеңде – өтініштер 02 наурыздан 14 наурызға дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Қосымша сұрақтарыңызды Тіркеу офисінің dinara.mazhitova@knus.edu.kz электрондық поштасына жолдай аласыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Құжаттарды тапсырмас бұрын:

  1. Бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламалары топтары бөлінісінде бір білім алушыға арналған ақылы оқу құнының прейскурантымен;
  2. Білім беру бағдарламалары бойынша академиялық айырмашылық пен академиялық қарызды жою кезінде бір кредиттің құнымен танысыңыз.

ҚР басқа ЖОО-дан Қазақ ұлттық спорт университетіне ауысу кезінде қажетті құжаттар:
ҚР жоғары оқу орындарынан қайта қабылдау кезінде қажетті құжаттар:

  1. Ректор немесе оқу ісі жөніндегі проректор және Тіркеу офисі қол қойған, елтаңбалық мөрмен куәландырылған транскрипт (FX/F – «қанағаттанарлықсыз» бағалары болмауы тиіс).


Құжаттардың көшірмелері:

  1. жеке куәлік;
  2. аттестат және оның қосымшасы / диплом және оның қосымшасы;
  3. Бакалавриат деңгейі үшін ҰБТ сертификаты, ол әрбір қабылдау жылына бекітілген ең төменгі өту баллы талаптарына сәйкес келуі және университеттің ресми сайтында жариялануы тиіс.

Құжаттарды тапсыру алгоритмі:
Жоғарыда көрсетілген құжаттар тізімімен деканатқа немесе Тіркеу офисіне жүгіну қажет (мекенжайы: Астана қ., Қарқаралы көшесі, 15).
Құжаттар жеке келу арқылы (қолма-қол) қабылданады.


Академиялық демалыс

Академиялық демалысты рәсімдеу немесе ұзарту үшін білім алушы академиялық демалысты беру немесе ұзарту туралы өтініш жазуы қажет.

Өтініш үлгілерін

Денсаулық жағдайына байланысты академиялық демалысӘскери қызметке шақырылуына байланыстыЖүктілікке, босануға және бала күтіміне байланысты

Толтырылған өтінішті білім алушы деканатқа жеке келіп тапсырады. Өтінішті декан қарағаннан кейін бұйрық рәсімдеу үшін Тіркеу офисіне жолдайды. Бұйрық өтініш Тіркеу офисіне түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде шығарылады. Білім алушы бұйрықтың көшірмесін ААЖ «Platonus» жүйесіндегі жеке кабинеттен көре алады және деканаттан ала алады. Академиялық демалыс алу және ұзарту мәселелері бойынша кеңес алу үшін dinara.mazhitova@knus.edu.kz электрондық поштасына хат жолдай аласыз.


Шәкіртақы

Мемлекеттік шәкіртақы мемлекеттік білім беру грант иегері болып табылатын білім алушыларға тағайындалады.

  • Мемлекеттік білім беру гранты негізінде бірінші оқу жылына қабылданған барлық студенттерге бірінші триместрде стандартты мемлекеттік шәкіртақы тағайындалады
  • Одан кейінгі триместрлерде (күзгі, қысқы және көктемгі триместрлер) шәкіртақы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша білім алушы «жақсы» («B+», «B», «B-») және «өте жақсы» («A», «A-») бағаларын алған жағдайда (білімді бағалаудың барлық түрлерін қоса алғанда) тағайындалады
  • Жазғы семестрдің нәтижелері бойынша шәкіртақы тағайындалмайды
  • Академиялық ұтқырлық аясында серіктес жоғары оқу орнында білім алып жүрген кезеңде мемлекеттік шәкіртақы сессия нәтижелеріне сәйкес толық көлемде төленеді
  • Білім алушы қайтып келгеннен кейін мемлекеттік шәкіртақы транскриптте көрсетілген бағалар (соның ішінде қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы меңгерілген пәндер бойынша бағалар) негізінде тағайындалады

Қосымша сұрақтарыңызды Тіркеу офисінің dinara.mazhitova@knus.edu.kz электрондық поштасына жолдау аласыз.


Жазғы семестр

Жазғы семестр – академиялық күнтізбеге сәйкес өткізілетін қосымша оқу кезеңі болып табылады және төмендегі мақсаттар үшін ұйымдастырылады:
• академиялық берешек пен академиялық айырмашылықты жою;
• пәндерді қайта оқу;
• GPA көрсеткішін арттыру;
• қосымша кредиттерді игеру.
Оқу ұзақтығы – 6 апта: 5 апта оқу процесі және 1 апта қорытынды бақылауға (емтихандарға) арналған.
Жазғы семестрге барлық курс білім алушылары (бітіруші курс студенттерінен басқа) қатыса алады.
Оқу тек ақылы негізде жүзеге асырылады.
Максималды оқу жүктемесі – 27 кредитке дейін.
Тіркелу білім алушының өтініші негізінде Тіркеу офисі арқылы жүзеге асырылады.
Жазғы семестр нәтижелері бойынша бағалар қайта есептеледі.
Қатысуға құқылы білім алушылар:
• «қанағаттанарлықсыз» («F») баға алғандар;
• емтихандарға жіберілмегендер;
• қайта курсқа қалдырылғандар;
• академиялық айырмашылығы бар білім алушылар (ауыстыру, қайта қабылдау, академиялық демалыстан оралу).

Қосымша сұрақтарыңызды Тіркеу офисінің dinara.mazhitova@knus.edu.kz электрондық поштасына жолдау аласыз.


Бос грант (Вакантты білім беру гранты)

  1. Бос білім беру гранттары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 25.08.2023 ж. №443 бұйрығына сәйкес беріледі

Бос гранттар білім беру бағдарламалары топтары бойынша ақылы негізде оқитын білім алушылар арасында конкурс негізінде тағайындалады.

Конкурс білім алушылардың аралық аттестаттау нәтижелері бойынша, бүкіл оқу кезеңіндегі орташа GPA көрсеткіші негізінде өткізіледі.

Университет конкурс туралы хабарландыруды ресми сайтында жариялайды. Тіркеу офисі жылына екі рет (1 қаңтар және 1 шілде) бос гранттар тізімін дайындайды.

GPA көрсеткіші тең болған жағдайда жоғары бағалары бар білім алушыларға басымдық беріледі. «F», «FX» бағалары бар білім алушылар конкурсқа қатыса алмайды.

Академиялық берешегі бар, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарынан ауысып келген білім алушылар (ҰБТ сертификаты бар тұлғаларды қоспағанда) конкурсқа қатыса алмайды.

Грант тағайындау негізгі сессия қорытындысы бойынша (F, FX бағаларын қайта тапсыру нәтижелерін есепке алмай) 25 қаңтарға және 5 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Үміткерлердің құжаттары деканатта қаралып, кейін университеттің Ғылыми кеңесіне ұсынылады және уәкілетті органға шешім қабылдау үшін жолданады.

Үміткерлер болмаған жағдайда гранттар белгіленген тәртіппен қайта бөлінеді.

Уәкілетті органның шешімі негізінде грант туралы куәлік рәсімделеді, содан кейін ректор грант негізінде оқуға ауыстыру туралы бұйрық шығарады.

Грант иегері грант тағайындалғанға дейін оқу ақысын төлеуге міндетті.

Академиялық демалыс алу және ұзарту мәселелері бойынша кеңес алу үшін dinara.mazhitova@knus.edu.kz электрондық поштасына хат жолдай аласыз.


Тіркеу офисінің құрамы

Мажитова Динара Мирболатовна
Тіркеу офисінің жетекшісі
Тел: 8 (700) 957-00-61 E-mail: dinara.mazhitova@knus.edu.kz Жұмыс регламенті: 09:00 - 18:00
Турганова Назипа Ахметовна
Тіркеу офисінің бас менеджері
Tel: 8 (700) 957-00-61 E-mail: nazipa.turganova@knus.edu.kz Work regulations: 09:00 - 18:00
Жұмабекқызы Айгүл
Тіркеу офисінің менеджері
Тел: 8 (700) 957-00-61 E-mail: aigul.zhumabekkyzy@knus.edu.kz Жұмыс регламенті: 09:00 - 18:00
Султанова Альбина Бауыржановна
Тіркеу офисінің менеджері
Тел: 8 (700) 957-00-61 E-mail: albina.sultanova@knus.edu.kz Жұмыс регламенті: 09:00 - 18:00