Негізгі мазмұнға өту

Бакалавриатқа қалай түсуге болады

Kazakh National University of Sports-қа түсуге арналған қабылдау комиссиясының ақпараты

Бакалавриатқа қалай түсуге болады

Мектеп түлектері үшін

Kazakh National University of Sports-қа түсу үшін орта білім беру ұйымдарының түлектері мыналарды тапсыруы қажет:

ҰБТ

Шығармашылық емтихандар

5/20

Қазақстан тарихынан 20 балдан кемінде 5 бал

3/10

Оқу сауаттылығынан 10 балдан кемінде 3 бал

5/50

1-ші шығармашылық емтихан (жалпы дене шынықтыру нормативтері)

5/50

2-ші шығармашылық емтихан (Футбол/Волейбол/Тоғызқұмалақ/Шахмат)

130

ҰБТ және шығармашылық емтихан бойынша максималды бал саны

75

ЖОО-ға қабылдану үшін ең төменгі шекті бал


Оқу мерзімі

3 жыл

Оқу форматы

Күндізгі

Оқыту тілі

Қазақ, Орыс


Колледж түлектері үшін

Техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру түлектері (білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін) тапсыруы қажет:

ҰБТ

Шығармашылық емтихандар

5/50

Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығынан 50 балдың кемінде 5 балы

5/20

мамандық бойынша нормативтен 20 балдың кемінде 5 балы

70

ҰБТ және шығармашылық емтихан бойынша ең жоғары балл

35

ЖОО-ға түсу үшін ең төменгі шекті балл

Оқу мерзімі

3 жыл

Оқыту форматы

Күндізгі

Оқыту тілі

Қазақ, Орыс


Талапкер күнтізбесі

Әрбір мансап бірегей: ол жеке амбицияларға да, саладағы өзгерістерге де байланысты. Мансап жолдарының әртүрлілігін көрсету және атап өту үшін біз бірнеше оқиғаны таңдап алдық.

20.06 - 07.07

Шығармашылық емтиханға құжаттарды тапсыру мерзімі

08.07 - 13.07

Шығармашылық емтиханды өткізу мерзімі (грант)

15.07 - 20.07

Конкурсқа өтінім беру мерзімі (грант)

05.08 - 10.08

Конкурс нәтижелері (грант)

08.07 - 15.08

Шығармашылық емтиханды өткізу мерзімі (ақылы негізде)

10.08 - 25.08

Оқуға қабылдауға құжаттарды қабылдау


Қажетті құжаттар тізімі

Шығармашылық даярлықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша түсетін тұлғалар шығармашылық емтихандарды тапсыру үшін ЖОО қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады:

жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат (түпнұсқа)

3 x 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

ҰБТ сертификаты (болған жағдайда);

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағында белгіленген спорттық разрядтардың және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда)

075/у нысаны бойынша медициналық анықтама + Флюорографиялық сурет (түпнұсқа және электронды PDF нұсқасы)

Басым құқықты/квотаны/жеңілдікті растайтын құжаттар (түпнұсқа, көшірме және электронды PDF нұсқасы):

  • 18 жасқа дейінгі талапкерлер үшін туу туралы куәлік (түпнұсқа, көшірме және электронды PDF нұсқасы)
  • Көпбалалы ана паспорты (ҚОСЫМША: әр баланың туу туралы куәлігі, егер отбасында 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу нысанында оқитын студент болса, оқу орнынан анықтама қоса берілуі тиіс)
  • Мүгедек баланы қамқорлыққа алғанын растайтын анықтама
  • Ата-ананың бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болғаны туралы анықтама
  • Ата-анасы ажырасқан жағдайда, ХҚКО-дан некені бұзу туралы куәлік және соңғы 3 жылда некеде тұрмағанын растайтын құжат
  • I және II топтағы мүгедектігі бар тұлғалар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектер білім беру бағдарламалары тобы шеңберінде оқуға қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы медициналық қорытындыны ұсынады (түпнұсқа, көшірме және электронды PDF нұсқасы)

Білім беру бағдарламалары тобы бойынша шығармашылық емтихандар бағдарламасы


Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кадрларын даярлау бағыттарының жіктеуішi


Сұхбаттасу сұрақтары


Емтихан кестесі


Шығармашылық емтихандардың нәтижелері


Конкурстық өтініштерді қабылдау бойынша жиі қойылатын сұрақтар

Иә, өйткені бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалар тобына қарамастан қарастырылады. 1 және 2-топ тек мүгедектер қатарындағы азаматтарға қатысты, ал мүгедек балалар мен бала кезінен мүгедектер үшін топтың маңызы жоқ.

Егер ата-анасы ажырасқан болса, неке бұзылғандығы туралы куәлік кемінде үш жыл бұрын берілуі тиіс. ҰОС квотасы үшін ҚР «Ардагерлер туралы» Заңына сәйкес отбасына қойылатын талап – әскери қызметкердің «қызмет бабында қаза тапқан немесе алған жарақатынан кейін қайтыс болған» мәртебесі болуы шарт.

Жоқ, тек квота ғана

  • Барлық балалардың туу туралы куәліктері
  • Ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжаттар
  • Көпбалалы отбасы ретінде мемлекеттік жәрдемақы алушы куәлігі (болған жағдайда)

Егер отбасында 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу нысанында оқитын студент болса, оны балалар санын анықтау кезінде есепке алу қажет, ал балалар 18 жасқа дейін есептеледі. Бұл ретте оқу орнынан анықтама (күндізгі оқу нысаны) ұсыну қажет.

  • Туу туралы куәлік
  • Ата-аналардың біреуінің ажырасқаны/қайтыс болғаны туралы куәлік

Егер баланы ата-ананың біреуі тәрбиелесе, бірақ туу туралы куәлікте екі ата-ананың да жазбасы болса, некеде тұрмағандығы туралы анықтама (E-gov/АХАТ/әділет департаментінен анықтама) ұсыну қажет. Немесе, неке бұзылғандығы туралы кемінде үш жылдық мерзімі бар куәлік.

  • Туу туралы куәлік
  • Мүгедектігі бар туған және өгей ағайын-туыстарының туу туралы куәліктері
  • Мүгедектігі бар туған және өгей ағайын-туыстарының мүгедектік туралы куәлігі

Егер өткен жылдың талапкері ҚР жоғары оқу орындарына түсу кезінде өз басым құқығын бір рет пайдаланған болса, онда ол екінші рет өз басымдығын пайдалана алмайды!

  • талапкерден анықтау
  • мәліметтерді анықтау үшін Ұлттық тестілеу орталығына (ҰТО) жіберу!

Некеде тұрмағандығы туралы анықтама (E-gov/АХАТ/әділет департаментінен анықтама).

Иә, егер аттестатта «үздік» деген жазба болса

Жоқ

Көпбалалы отбасы болып саналмайды, өтініш берген сәтте оның жасы 18-ге толған

Квота есептеледі

Жоқ, ол тек шығармашылық емтихан тапсырған ЖОО-да ғана грантқа қатыса алады

ҰТО бағдарламасы бұл мәртебені МЖСҚБ-мен салыстырады:

  • ұлты «басқа» деп белгіленген
  • азаматтығы «ҚР» деп белгіленген

Жоқ. Олар шетелдік азаматтар ретінде ЖОО-да тек ақылы негізде оқуға құқылы (әңгімелесу арқылы түседі)

Иә. ҚР Білім туралы заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға білім беру гранты конкурсына қатысу құқығы беріледі.