Негізгі мазмұнға өту

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (ДҒЗЖ)

ДҒЗЖ ғылыми-зерттеу құзыреттерін қалыптастыруға және дамытуға, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дербес жүргізуге, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми жетістіктерді енгізу мен дамытуға бағытталған.

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (ДҒЗЖ)

ДҒЗЖ дегеніміз не?

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы — даярлықтың міндетті бөлігі, жалпы мәдени және кәсіби құзыреттерді дамытуға бағытталған.

Докторанттың өзіндік зерттеу қызметіне дайындалуы, оның қорытындысы — докторлық диссертацияны жазу және қорғау.



Іске асыру кезеңі және нәтижесі

ДҒЗЖ оқудың барлық кезеңінде бекітілген докторлық диссертация тақырыбына сәйкес жүргізіледі.

Бұл жұмыс барысында докторант зерттеу тапсырмаларын орындайды, нәтижелерді талдайды және оларды аяқталған ғылыми жұмыс ретінде ресімдейді, нәтижесінде докторлық диссертация жазылып, қорғалады.


ДҒЗЖ-ға қойылатын талаптар

Ғылыми-педагогикалық және бейіндік докторантура білім алушыларына арналған.

Бағдарлама бейініне сәйкестік

Жұмыс докторантура бағыты мен диссертация тақырыбы аясында орындалады.

Өзектілігі және жаңалығы

Ғылыми жаңалығы мен практикалық маңызы бар.

Қазіргі ғылыми база

Заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерге негізделген.

Зерттеу әдістері

Ғылыми талдаудың заманауи әдістерін қолдану арқылы орындалады.

Ғылыми-практикалық бөлімдер

Негізгі ережелер бойынша зерттеу, әдістемелік және практикалық материалдарды қамтиды.

Халықаралық тәжірибе

Әлемдік озық тәсілдер мен зерттеулерге негізделген.


Есеп беру және ДҒЗЖ қорытындысы

ДҒЗЖ нәтижелері әр оқу жылының қорытындысы бойынша тіркеледі: докторант жеке жоспар бойынша аттестациядан өтеді, ғылыми жетекші мен кафедра алдында есеп береді, қорытынды шешім хаттамаға енгізіледі.

Академиялық аттестация

Нәтижелер кафедра отырысында талқыланады, шешім хаттамаға енгізіледі. Қорытынды докторанттың ғылыми жетілгендігін көрсетеді.

Ғылыми жетекшінің қорытындысы

Жетекші диссертация тарауларының орындалуын бағалайды, мерзімдер мен ескертулерді көрсетеді. Бағалау балдық-рейтингтік жүйе бойынша жүргізіледі.

ДҒЗЖ қорытындысы

Жыл сайын докторант жеке жоспар бойынша аттестациядан өтеді. Нәтижелер кафедра отырысында талқыланады және хаттамаға енгізіледі.


Ережелер және нормативтік құжаттар

Постдокторантура туралы ережеДҒЗЖ туралы ереже (орысша)