Негізгі мазмұнға өту

Докторантураға қалай түсуге болады

Kazakh National University of Sports-қа түсуге арналған қабылдау комиссиясының ақпараты

Докторантураға қалай түсуге болады

PhD докторантурасына «магистр» дәрежесі бар және кемінде 9 ай жұмыс өтілі бар немесе медициналық мамандықтар бойынша резидентураны аяқтаған тұлғалар, ал бейіндік докторлар бағдарламасы бойынша, оның ішінде индустриалды PhD және DBA (Doctor of Business Administration) бағдарламалары бойынша докторантураға – магистратура немесе бейіндік магистратураға теңестірілген жоғары арнайы білімі бар тұлғалар қабылданады.

Докторантураға түсушілер үшін ЖОО қабылдау комиссиясы мыналарды жүзеге асырады:

Түсушілерге жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің таңдалатын білім беру бағдарламалары тобы бойынша кеңес беру, түсу емтиханының рәсімімен таныстыру

Түсушілердің құжаттарын қабылдауды және тексеруді ұйымдастыру

Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханын өткізуді ұйымдастыру


Философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша докторантураға түсуге арналған 100 балдық бағалау жүйесінің шкаласы

30

ЖОО емтихан комиссиясы өткізетін түсушімен әңгімелесу

20

Эссе

50

Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан

Түсу емтиханы аяқталғаннан кейін, түсушінің эссе блоктары және ББТ бейіні бойынша емтихан сұрақтарына берген жауаптары өңдеу және бағалау үшін ЖОО-ға жіберіледі. Түсу емтиханының нәтижелері ол өткізілгеннен кейінгі келесі күні жарияланады. Түсушілер түсу емтиханының нәтижелерімен жеке кабинетте таныса алады.

Құжаттарды тапсыру кезінде түсуші бір ЖОО-ны және бір білім беру бағдарламаларының тобын көрсетеді.


Қажетті құжаттар тізімі

Докторантураға түсетін тұлғалар құжаттардың келесі топтамасын тапсырады:

еркін нысандағы өтініш

білім туралы құжат (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде)

жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет)

шетелдік азаматтарды қоспағанда, Ұлттық тестілеу орталығы берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат

философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша докторантураға түсетін тұлғалар үшін шет тілін меңгергенін растайтын сертификат: ағылшын тілін меңгеру бойынша:

  • International English Language Tests System Academic (IELTS Academic), шекті балл – 5.0-ден кем емес
  • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT), шекті балл – 35 балдан кем емес
  • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP), шекті балл – 417-ден кем емес
  • TOEIC (Test of English for International Communication), шекті балл – 550-ден кем емес
  • Duolingo English Test, шекті балл – 80-нен кем емес
  • Толығырақ https://testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-doktoranturu/priem-dokumentov-dlya-uchastiya-vo-vstupitelnom-ekzamene-v-doktoranturu/

ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электронды форматтағы 075/у нысанындағы медициналық анықтама

3x4 сантиметр өлшеміндегі алты фотосурет

флюорография суреті (көшірмесі)

шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат

соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеу жүргізу жоспары

жылдам тіккіш (скоросшиватель) – 1 дана (картон)


Түсу емтихандарының бағдарламасы

PDFPDF · Жаңа қойындыда ашу