Негізгі мазмұнға өту

Түлектер

Түлектер

Атақты түлектер

Қазыбек Ногербек
Халықаралық гроссмейстер (2024)
20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы шахматтан әлем чемпионы — 2024 (Гандинагар, Үндістан). 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы рапид пен блицтен екі дүркін әлем чемпионы — 2022 (Родос, Грекия).
Емберді Едіге
Ауыр атлетика. Жасөспірімдер арасындағы әлем және жастар арасындағы Азия рекордшысы.
Жасөспірімдер мен жастар арасындағы үш дүркін әлем чемпионы — 2022, 2023, 2024. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы екі дүркін Азия чемпионы — 2022, 2025.
Евгений Кошкин
Конькимен жүгіру спорты. Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі.
XXV қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы — 2026 (Милан — Кортина, Италия), 500 м қашықтықта 9-орын. IX қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері — 2025 (Харбин, Қытай), 100 м қашықтық. Төрт құрлық чемпионатының қола жүлдегері — 2022 (Калгари, Канада). Конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпазы — 2025. Әлем чемпионаттарының қатысушысы.
Меруерт Камалиденова
Халықаралық шебер және әйелдер арасындағы гроссмейстер
Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының екі дүркін күміс жүлдегері — 2024, 2026. ХІХ Азия ойындарының қола жүлдегері — 2023. 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы шахматтан әлем чемпионы — 2019.
Ерасыл Ахметжан
Грэпплингтен екі дүркін әлем чемпионы. Competitor спорттық платформасының негізін қалаушы.
UWW Азия біріншіліктерінің төрт дүркін жеңімпазы — 2023. Abu Dhabi Jiu-Jitsu Pro Tour турнирінің үш дүркін чемпионы — 2022–2024. NAGA pro -> NAGA грэпплингтен әлем чемпионы — 2025 (АҚШ). Zialy Urpaq Mektebi мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Student Games League — 2026 тең ұйымдастырушысы.
Абдулла Айбол
Кәсіпқой боксшы және кәсіпкер.
DQC кәсіпқой бокс лигасының чемпионы. «Жыл бастамашысы» төсбелгісінің иегері. Астанадағы QURMAN бокс клубы мен KOLQAP спорт дүкенінің негізін қалаушы. Өзінің спорттық брендін дамытып, Қазақстанда боксты насихаттауда.
Аяжан Сапархан
Таеквондо WT. Қара белбеу, I дан. Қазақстан Республикасының спорт шебері.
ІІІ ТМД елдері ойындарының күміс жүлдегері — 2025 (Баку, Әзербайжан). Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері — 2024, 2025. Turkish Open халықаралық турнирінің жеңімпазы және қола жүлдегері — 2021, 2022. VII «Азия балалары» халықаралық спорт ойындарының қола жүлдегері — 2022 (Владивосток, Ресей).
Бекнұр Мұқан
Грек-рим күресі XIX жазғы Дүниежүзілік гимназиаданың чемпионы (Нормандия, Франция, 2022 ж.). Қазақстанның екі дүркін чемпионы. Азия чемпионатының қола жүлдегері (Бішкек, Қырғызстан, 2023 ж.).
Венера Жаксыбаева
WKF каратэсі. Қазақстан Республикасының спорт шебері.
«Тбилиси Open» халықаралық турнирінің жеңімпазы — 2025 (Тбилиси, Грузия). Азия чемпионатының жеңімпазы — 2024 (Манила, Филиппин). Халықаралық турнирдің жеңімпазы — 2024 (Стамбул, Түркия). Kazakhstan Open халықаралық турнирінің жеңімпазы — 2024 (Астана, Қазақстан). «Marsel Open» халықаралық турнирінің қола жүлдегері — 2023 (Марсель, Франция).
Заманбек Қылышбеков
Велоспорт. Қазақстан Республикасының спорт шебері
Азия кубогының күміс жүлдегері (Супханбури, Тайланд). Велоспорттан Қазақстанның бес дүркін чемпионы. Халықаралық жарыстардың қола жүлдегері (Омбы, Ресей). Азия чемпионатында (Нью-Дели, Үндістан) үздік 5 спортшының қатарына енді.