Волейбол
- Жетекшілер
- Қойшин Д. Т., Қалназаров Е. Ж.
- Өтетін орны
- А01 блогы, 3-қабат, ойын залы
- Сабақ кестесі
- Сс, Ср, Жм: 18:00-21:00
- Қатысушылар
- 25
Волейбол тарихы
1949 жылы Прагада ерлер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты өтті.
1964 жылы Токиода 10 ерлер және 6 әйелдер командасының қатысуымен волейболдан алғашқы Олимпиада турнирі өтті. Кеңес Одағының ерлер құрамасы мен Жапонияның әйелдер құрамасы алғашқы Олимпиада алтын медальдарын жеңіп алды. 1964 және 1968 жылдардағы ойындарда жарыстар айналмалы жүйе бойынша өткізілді. Олимпиада турнирлерінде КСРО құрамалары айрықша табысқа жетті: әйелдер 1968, 1972, 1980 және 1988 жылдары, ерлер 1964, 1968 және 1980 жылдары жеңіске жетті. Жапония әйелдер құрамасы 1964 және 1976 жылдары, ал ерлер құрамасы 1972 жылы топ жарды.
1964 және 1968 жылдардағы ойындарда жарыстар айналмалы жүйе бойынша өткізілді.
Олимпиада турнирлерінде КСРО құрамалары айрықша табысқа жетті: әйелдер 1968, 1972, 1980 және 1988 жылдары, ерлер 1964, 1968 және 1980 жылдары жеңіске жетті. Жапонияның әйелдер құрамасы 1964 және 1976 жылдары, ал ерлер құрамасы 1972 жылы топ жарды.
Олимпиада ойындарында ерлер арасында бір және әйелдер арасында бір медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Волейбол ережелері
Ойынның мақсаты — допты тордың үстімен қарсылас алаңына түсіру және қарсыластың осындай әрекетіне жол бермеу. Команда допты қайтару үшін үш рет соға алады. Доп ойынға беру арқылы енгізіледі: доп беруші ойыншы оны тордың үстімен қарсыласқа бағыттайды. Ұтыс доп алаңға түскенге, алаңнан шыққанға немесе команда допты қайтару кезінде қателік жібергенге дейін жалғасады. Ұтысты жеңген команда ұпай алады. Қабылдаушы команда ұтысты жеңсе, ұпай мен доп беру құқығына ие болып, ойыншылары сағат тілі бағытымен бір орынға ауысады.
Қазақстандағы волейбол
1991 жылдан бері қазақстандық классикалық және жағажай волейболы халықаралық аренада тұрақты жетістіктерге жетіп келеді. Қазақстанның әйелдер құрамасы классикалық волейболдан Азия чемпионатының, Азия ойындарының және Азия кубогының бірнеше дүркін жүлдегері болып, Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарына қатысты. Құрама беделді Әлемдік Гран-при жарыстарында да табысты өнер көрсетті. Жағажай волейболы командалары Азия чемпионаттары мен Азия ойындарында жеңіске жетіп, әлем біріншіліктеріне қатысты.
Қазақстанның әйелдер құрамасы классикалық волейболдан Азия чемпионатының, Азия ойындарының және Азия кубогының бірнеше дүркін жүлдегері атанып, Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарына қатысты.
Құрама беделді Әлемдік Гран-при жарыстарында табысты өнер көрсетті. Жағажай волейболы командалары Азия чемпионаттары мен Азия ойындарында жеңіске жетіп, әлем біріншіліктеріне қатысты.
