Гандбол
- Жетекшілер
- Мелсов Д. Т.
- Өтетін орны
- А01 блогы, 3-қабат, ойын залы
- Сабақ кестесі
- Дс, Ср: 18:00-21:00; Жм: 11:00-12:00
- Қатысушылар
- 22
Гандбол тарихы
Гандбол алғаш рет 1936 жылы Берлинде өткен Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді. Алаңда 11 ойыншыдан ойнаған жарысқа алты құрама — Германия, Венгрия, АҚШ, Австрия, Швейцария және Румыния қатысты. Жеңісті Германия гандболшылары иеленді.
Әйелдер гандболы Олимпиада ойындарында алғаш рет 1976 жылы Монреальда өткізілді. Алғашқы Олимпиада чемпиондары атанған кеңестік гандболшылар 1980 жылғы Мәскеу ойындарында жетістігін қайталады.
Гандбол ережелері
Гандбол командасы 16 ойыншыдан тұрады. Алаңда бір мезгілде жетіден артық ойыншы болмауы тиіс, қалғандары қосалқы құрамда болады. Алаңдағы ойыншылардың бірі — қақпашы. Ойын басталған кезде әр командада кемінде бес ойыншы болуы керек.
Гандбол ойынының ұзақтығы: ересектер командаларының матчы әрқайсысы 30 минуттан тұратын екі таймнан және 15 минуттық үзілістен тұрады. 8–12 жастағы балалар командалары 20 минуттан екі тайм, ал 12–16 жастағы командалар 25 минуттан екі тайм ойнайды. Үзілістен кейін командалар алаң жақтарын ауыстырады. Жеңімпазды анықтау қажет болған жағдайда бір минуттық үзіліспен 5 минуттан екі тайм қосымша уақыт белгіленеді.
Қазақстандағы гандбол
Қазақстан Республикасының гандбол федерациясы жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіретін осы спорт түрін елімізде дамыту мақсатында 1992 жылы құрылды.
