Футзал
- Жетекшілер
- Жұмағұл Е. С.
- Өтетін орны
- А01 блогы, 3-қабат, ойын залы
- Сабақ кестесі
- Сс, Ср, Сб: 18:00-21:00
- Қатысушылар
- 42
Футзал тарихы
1930 жыл (Уругвай): Монтевидеолық оқытушы Хуан Карлос Сериани футбол алаңдарының жетіспеуіне байланысты балалардың спорт залдары мен баскетбол алаңдарында жаттығуына арналған жаңа ойынның ережелерін әзірледі.
1980-жылдар — 1989 жыл: ФИФА аясында ережелер біріздендіріліп, 1989 жылы Нидерландта футзалдан алғашқы ресми әлем чемпионаты өтті.
Футзал ережелері
• Құрамы: әр командадан алаңға 5 ойыншы шығады (4 алаң ойыншысы және 1 қақпашы).
• Ұзақтығы: таза уақыт бойынша 20 минуттан екі тайм.
• Доп: классикалық футбол добынан кіші (4-өлшем), серпілісі төмен.
• Ауыстырулар: ойыншыларды ауыстыру саны шектелмейді және ойын тоқтатылмай жүргізіледі.
• Офсайдтың болмауы: футзалда «ойыннан тыс қалу» ережесі қолданылмайды.
Қазақстандағы футзал
1996 жылы Қазақстан футзал қауымдастығы ресми түрде құрылды. Ұйым ұзақ уақыт Қазақстан футбол федерациясының құрылымында жұмыс істеді.
2022 жылдың күзінде футзал қауымдастығы осы спорт түрін тиімді дамыту мақсатында тәуелсіз құрылым ретінде қызметін қайта бастады.
Қазақстан құрамасы әлемдік футзалдың үздік командалары қатарына кіреді:
УЕФА рейтингінде және ФИФА-ның әлемдік рейтингінде жоғары орындарға ие.
