Негізгі мазмұнға өту

СТУДЕНТТІК ҰЙЫМДАР

СТУДЕНТТІК ҰЙЫМДАР

«Сана» психологиялық клубы

Университетте студенттердің психологиялық әл-ауқатын нығайту мақсатында Психологиялық қолдау орталығы қызмет атқарады. Орталық жанында «Сана» психологиялық клубы жұмыс істейді.

«Сана» психологиялық клубы — студенттердің тұлғалық дамуына, кәсіби өзін-өзі анықтауға және эмоциялық тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталған алаң.


Клуб қызметінің негізгі бағыттары:

тұлғалық өсу мен өзін-өзі тануға арналған тренингтер мен семинарлар өткізу

стрессті басқару, мотивацияны арттыру бойынша шеберлік сабақтарын ұйымдастыру;

командалық жұмысты дамыту және креативті ойлауды қолдау;

студенттердің психологиялық сауаттылығын арттыру үшін түрлі іс- шаралар мен акциялар өткізу.

«Сана» клубы – студенттерге өздерін ашуға, сенімділікті арттыруға және өмірлік маңызды дағдыларды дамытуға көмектесетін қолдаушы орта.


«АйАру» қыздарға арналған студенттік клубы

Университетте білім алып жатқан қыздар қауымының тұлғалық дамуын қолдау мақсатында «АйАру» студент қыздар клубы құрылды.

«АйАру» клубының негізгі мақсаты — бойжеткендердің ішкі әлеуетін ашу, өзіне деген сенімділікті арттыру, тұлғалық қасиеттерін дамыту және көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру.

Клуб қызметінің бағыттары:

өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі бағалауды арттыруға арналған тренингтер мен мотивациялық кездесулер ұйымдастыру;

Заманауи әйелдің рөлін, мәдениетін және құндылықтарын насихаттау

Салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған шаралар өткізу

Шығармашылық жобалар мен әлеуметтік бастамаларды қолдау.

«АйАру» клубы — қыздардың жан-жақты дамуына, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуіне, кәсіби және рухани тұрғыда қалыптасуына арналған орта.


Ақсақалдар кеңесі

Серіктестер мен демеушілер

  • серіктес 1
  • серіктес 2
  • серіктес 3
  • серіктес 4
  • серіктес 5
  • серіктес 6
  • серіктес 7