Студенттік кеңес
Студенттер кеңесі — студенттердің ортақ мүдделері, мақсаттары мен міндеттерінің негізінде құрылған ерікті, өзін-өзі басқаратын студенттік қоғамдық бірлестік. Бұл — KNUS-тің белсенді жастары.
Кеңестің мақсаты — KNUS-тің гүлденуі және жарқын студенттік өмір үшін спорттық, мәдени, рухани және интеллектуалдық іс-шараларды (пікірталастар, түрлі байқаулар, еріктілер мен қайырымдылық акциялары) ұйымдастыру.
Студенттер кеңесі патриоттық рухты тәрбиелеуде, студенттерде жауапкершіл тұлғаны қалыптастыруда және KNUS-те өзін-өзі басқаруды жан-жақты дамытуда маңызды рөл атқарады.

Кенжеханова Дильназ Дәулетқызы
Студенттер кеңесінің төрағасы
Астана қ., Қарқаралы көш. 15
Ұсынылатын бағдарлама
- KNUS басшылығы мен студенттері арасында жан-жақты байланыстарды дамыту
- Басқа университеттермен серіктестік орнату, тұрақты түрде бірлескен іс-шаралар мен жарыстар өткізу
- KNUS студенттерінің білім, ғылым және спорт саласындағы жобаларын қолдау
- Жұмыс берушілермен шеберлік сабақтарын және өндіріске экскурсиялар ұйымдастыру
- Дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыру: KNUS аруы мен мырзасы, спорттық турнирлер, KNUS ұлттық құрамасының матчтарына студент жанкүйерлерді тарту







