Негізгі мазмұнға өту

Кітапхана

Ғылыми кітапхана — KNUS-тың негізгі құрылымдық бөлімшесі болып табылады және оқу үдерісі мен ғылыми зерттеулерді әдебиеттермен және ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етеді.

Кітапхана

Негізгі міндеттер

KNUS-тың кафедралары және ғылыми-зерттеу бөлімшелерімен өзара іс-қимылды кеңейте отырып, кітапханалық-ақпараттық ресурстарды қалыптастыру. Кітапхананың ресурстық орталық ретінде дамуын қамтамасыз ету, зерттеушілерді, оқытушыларды және студенттерді қажетті ақпаратпен кепілді түрде қамтамасыз ету.
Зерттеу және оқытушылық қызметтің әрбір кезеңін қолдайтын заманауи ақпараттық өнімдер мен қызметтерді әзірлеу және ұсыну; ғылыми кітапхананың барлық ресурстарының, соның ішінде KNUS жарияланымдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Ақпараттық мәдениетті дамытуға жәрдемдесу және білім алушылар мен оқытушылардың зерттеушілік құзыреттерін жетілдіру.
Инновацияларға ашық болу. Кітапханалық қызмет көрсету мен технологиялар саласында көшбасшылық позицияларды қамтамасыз ету.
Өз бетінше зерттеу және білім беру қызметіне, зияткерлік қарым-қатынас пен білім алмасуға, сондай-ақ кітапхана қызметкерлерінің кәсіби және жеке өзін-өзі жүзеге асыруына арналған жайлы орта қалыптастыру.

Пайдаланушылардың құқықтары:

  1. Кітапхана ұсынатын кітапханалық-ақпараттық қызметтердің негізгі түрлерін тегін пайдалану
  2. Кітаптарды және басқа да ақпарат көздерін уақытша пайдалануға алу
  3. Электрондық каталог дерекқорлары, кітапхана сайты және басқа да ақпараттандыру құралдары арқылы кітапхана қорының құрамы, қызметтері мен іс-шаралары туралы толық ақпарат алу
  4. Кітапхананың компьютерлерінде, планшеттерінде және басқа да тасымалданатын құрылғыларында жұмыс істеу, сондай-ақ жеке құрылғыларды пайдалану
  5. Қажетті ақпаратты іздеу мақсатында Интернеттің ашық ақпараттық ресурстарына және Академия төлеген электрондық ресурстарға қол жеткізу, табылған ақпаратты флеш-тасымалдағышқа сақтау
  6. Ақпарат көздерін іздеу және таңдау бойынша кеңес беру көмегін алу
  7. Белгіленген тәртіпке сәйкес әдебиеттерді пайдалану мерзімін ұзарту
  8. Ғылыми кітапхана ұйымдастыратын мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу
  9. Оқырмандық бірлестіктер ұйымдастыру және қызығушылық клубтары мен үйірмелердің жұмысына қатысу
  10. Бірлескен жобаларды әзірлеуге қатысу
  11. Ғылыми кітапхана жанындағы қоғамдық кеңестердің құрамына кіру
  12. Кітапхананың көрсетілетін қызметтердің сапасын зерделеуге бағытталған социологиялық зерттеулеріне қатысу, қызмет көрсету сапасын және пайдаланушылардың қанағаттану деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу

Пайдаланушылардың міндеттері

  1. Ғылыми кітапхананы пайдалану қағидаларын орындау
  2. Әдебиеттерге талап-тапсырыс парағын толтыру
  3. Алынған басылымдарды белгіленген мерзімде қайтару, кітаптарды пайдалану мерзімін уақтылы ұзарту
  4. Кітаптарға, басқа да баспа өнімдеріне, өзге кітапханалық материалдарға және кітапхана мүлкіне ұқыпты қарау
  5. Интернет ресурстарымен және толықмәтінді электрондық ресурстармен жұмыс істеу кезінде оқырмандар зияткерлік меншік пен авторлық құқық туралы халықаралық заңнама нормаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-I «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңын сақтауға міндетті
  6. Ғылыми кітапханадан кітаптарды, басқа да баспа өнімдерін және өзге материалдарды алу кезінде оларды мұқият қарап шығу. Қандай да бір ақаулар анықталған жағдайда бұл туралы кітапханашыға хабарлау қажет. Кері жағдайда, басылымды соңғы пайдаланған пайдаланушы кітаптың бүлінуіне жауапты болады
  7. Сырт киімді гардеробқа тапсыру, сөмкелер мен рюкзактарды сақтау камераларының ұяшықтарына қалдыру
  8. Оқу залдарында тыныштық сақтау, ұялы телефондарды өшіру немесе дыбыссыз режимге қою
  9. Ғылыми кітапхана үй-жайларында тазалық сақтау, оқу залдарына тағамдар мен сусындар әкелмеу
  10. Оқырмандар мен кітапхана қызметкерлеріне қатысты сыпайы әрі ізетті болу
  11. Жұмыстан босатылғанда, оқудан шығарылғанда, басқа оқу орнына ауысқанда немесе академияны аяқтаған кезде оқырмандық берешекті жою, пайдалану қағидаларын бұзған жағдайда есептелген айыппұлдарды төлеу, Ғылыми кітапханаға келтірілген залалды өтеу және обходной парақты тапсыру

Пайдаланушыларға рұқсат етілмейді:

  1. Жеке заттарды қараусыз қалдыру. Қараусыз қалдырылған жеке заттар үшін кітапхана әкімшілігі мен қызметкерлері жауапкершілік көтермейді
  2. Рұқсатсыз қызметтік үй-жайларға және Ғылыми кітапхананың қосалқы қорларына кіру
  3. Кітапхана үй-жайлары мен материалдарын фото және бейнетаспаға түсіру. Фото және бейнетүсірілім тек кітапхана әкімшілігінің рұқсатымен ғана жүзеге асырылады
  4. Ғылыми кітапханаға кесетін құралдармен, желіммен, портфельдермен, сөмкелермен, рюкзактармен, сондай-ақ өзге де заттармен және тағам өнімдерімен кіруге
  5. Кітаптарды және басқа да басылымдарды, сондай-ақ кітапхананың жабдықтары мен өзге де мүлкін алып шығуға
  6. Кітапхана әкімшілігінің рұқсатынсыз жарнамалық-коммерциялық сипаттағы хабарландыруларды, афишаларды және өзге де материалдарды кітапханада ілуге

Жаңа түскен әдебиеттер

Серіктестер мен демеушілер

  • серіктес 1
  • серіктес 2
  • серіктес 3
  • серіктес 4
  • серіктес 5
  • серіктес 6
  • серіктес 7