Деканат
Деканаттың негізгі мақсаты:
Дене шынықтыру, спорт және спорттық білім беру салалары үшін кәсіби құзыретті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға қолайлы академиялық орта қалыптастыру.
Білім беру процесін тиімді ұйымдастыру, студенттердің жеке және кәсіби дамуына ықпал ету, спорттық тәжірибені, ғылымды және оқытуды өзара ұштастыру.
Оқу процесін ұйымдастыру және бақылау
- Оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларының орындалуын бақылау
- Сабақ кестесінің жасалуын және оқу процесінің ұйымдастырылуын үйлестіру
- Аралық және қорытынды бақылауды, емтихан сессияларын ұйымдастыру
- Студенттердің сабаққа қатысуын, академиялық үлгерімін және қарыздарын бақылау
Профессорлық-оқытушылар құрамымен жұмыс
- Оқу жүктемесінің орындалуын бақылауға қатысу
- Оқытушылардың оқу-әдістемелік және ғылыми қызметін қолдау
- Департаменттермен, білім беру бағдарламаларының жетекшілерімен және комиссиялармен өзара іс-қимыл жасау
Құжат айналымы және әкімшілік жұмыс
- Студенттерді қабылдау, ауыстыру, қайта қабылдау, академиялық демалыс және оқудан шығару мәселелерін құжаттық сүйемелдеу
- Анықтамалар, қызметтік хаттар, бұйрық жобалары және ресми есептер дайындау
- Platonus және басқа ақпараттық жүйелердегі мәліметтердің өзектілігін бақылау
Білім беру сапасын қамтамасыз ету
- Ішкі сапаны қамтамасыз ету рәсімдеріне және аккредиттеу жұмыстарына қатысу
- Оқу нәтижелерін талдау, кері байланыс жинау және жетілдіру ұсыныстарын әзірлеу
Тәрбие жұмысы және студенттермен байланыс
- Академиялық адалдықты, тәртіпті және қауіпсіз білім беру ортасын нығайту
- Тәрбие сағаттарын, кездесулерді және студенттік бастамаларды ұйымдастыру
- Эдвайзерлермен, студенттік кеңеспен және спорт секцияларымен жұмыс жүргізу
Практика, спорттық қызмет және мансап
- Оқу, педагогикалық және өндірістік практиканы ұйымдастыруға қатысу
- Спорттық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысатын студенттердің оқу процесін үйлестіру
- Жұмыс берушілермен байланыс орнатып, түлектердің жұмысқа орналасуына ықпал ету
Деканаттың құрылымы:

Кенжин Жаксат Болатұлы, Dr.oec, PhD, профессор, «Болашақ» бағдарламасы аясындағы «500 ғалым» жобасының стипендиаты, «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері.
Лауазымы: Декан
E-mail: zh.kenzhin@knus.edu.kz
Тел.: 8 (700) 957-00-61; 8 (700) 957-00-68
Мекенжайы: Астана қ., Қарқаралы тас жолы, 15, А05 корпусы, 223-кабинет
Жұмыс уақыты: Дүйсенбі – Жұма, 09:00–18:00
Қабылдау уақыты: Сәрсенбі, 14:00–17:00; Жұма, 14:00–17:00

Ниязов Роллан Фидаевич, магистр
Лауазымы: Академиялық мәселелер жөніндегі декан орынбасары
E-mail: r.niyazov@knus.edu.kz
Тел.: 8 (700) 957-00-61; 8 (700) 957-00-68
Мекенжайы: Астана қ., Қарқаралы тас жолы, 15, А05 корпусы, 222-кабинет
Жұмыс уақыты: Дүйсенбі – Жұма, 09:00–18:00

Батыров Абылайхан Арманович, магистр
Лауазымы: Әлеуметтік-тәрбие және спорттық жұмысы жөніндегі декан орынбасары
E-mail: abylaikhan.batyrov@knus.edu.kz
Тел.: 8 (700) 957-00-61; 8 (700) 957-00-68
Мекенжайы: Астана қ., Қарқаралы тас жолы, 15, А05 корпусы, 222-кабинет
Жұмыс уақыты: Дүйсенбі – Жұма, 09:00–18:00







