Негізгі мазмұнға өту

Цифрлық инновациялар және киберспорт департаменті

Цифрлық инновациялар және киберспорт департаменті — ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жасанды интеллект, интеллектуалды спорттық жүйелер, деректерді талдау және киберспорт салаларында білім беру, ғылыми-зерттеу және жобалық қызметті жүзеге асыратын KNUS құрылымдық бөлімшесі. Департамент білім беру мен спортта инновациялық цифрлық шешімдерді әзірлеуге және қолдануға ықпал етеді, сондай-ақ бейіндік білім беру, ғылыми және киберспорттық іс-шараларды ұйымдастырады.

Цифрлық инновациялар және киберспорт департаменті

Департаменттің мақсаты:

Цифрлық инновациялар және киберспорт департаментінің мақсаты — білікті мамандар даярлау, KNUS студенттерінің ақпараттық технологиялар, спорттық аналитика және киберспорт салаларындағы цифрлық, аналитикалық және кәсіби құзыреттерін дамыту, инновациялық ойлауын, зерттеу дағдылары мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, сондай-ақ заманауи цифрлық технологияларды қолданатын білім беру, ғылыми және қолданбалы жобаларға қатысу арқылы білім алушылардың өзін-өзі жүзеге асыруына және қабілеттерін ашуына жағдай жасау.


Департаменттің негізгі міндеттері:

  1. Студенттердің цифрлық құзыреттілігін арттыру – цифрлық сауаттылықты дамыту және заманауи технологияларды тиімді пайдалануға үйрету
  1. Цифрлық технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізу – оқыту үдерісінде заманауи бағдарламалық құралдар мен инновациялық әдістерді қолдануды дамыту
  1. Киберспорттық іс-шараларды ұйымдастыру – студенттер арасында киберспорттық жарыстар, турнирлер және чемпионаттар өткізу, олардың республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуын қолдау
  1. Инновациялық жобаларды дамыту – студенттердің шығармашылық әлеуетін ашуға, жаңа идеяларды жүзеге асыруға және технологиялық жобаларды әзірлеуге жағдай жасау
  1. Зияткерлік спорттық жүйелер мен заманауи технологияларды дамыту – спорт саласында ақпараттық жүйелерді, деректерді талдау құралдарын және цифрлық шешімдерді қолдануды ілгерілету
  1. Студенттердің жобалық қызметке қатысуын қолдау – цифрлық инновациялар, бағдарламалау және киберспорт бағыттарындағы жобаларға қатысуын ынталандыру
  1. Серіктестік байланыстарды дамыту – IT-компаниялармен, спорт ұйымдарымен, білім беру мекемелерімен және басқа да серіктестермен ынтымақтастық орнату
  1. Цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру – студенттердің киберқауіпсіздік туралы білімін арттыру және цифрлық ортада қауіпсіз жұмыс істеу дағдыларын дамыту

Цифрлық инновациялар және киберспорт департаментінің ұжымы:

Шора Нұрым Тілегенұлы, цифрлық инновациялар және киберспорт департаментінің директоры, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, сеньор-лектор
nurym.shora@knus.edu.kz ORCID: 0000-0001-9967-2285
Астана қ., Қарқаралы к-сі 15
Жаңабергенова Назерке Салменқызы, PhD, сеньор-лектор
Оқытылатын пәндер: Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар n_zhanabergenova@apems.edu.kz Scopus Author ID: 57998344200 Web of Science Researcher ID: HKS-5403-2023 ORCID: 0000-0003-0402-6999 h-index – 2
Астана қ., Қарқаралы к-сі 15
Нигметов Канат Уалиденович, магистр, сеньор-лектор
Оқытылатын пәндер: Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар k_nigmetov@apems.edu.kz ORCID: 0009-0005-1016-7183
Астана қ., Қарқаралы к-сі 15
Тулкибаев Алмат Жубанышевич, магистр, сеньор-лектор
Оқытылатын пәндер: Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, Бағдарламалау технологиясы almat.tulkibaev@knus.edu.kz ORCID: 0000-0002-3783-5429
Астана қ., Қарқаралы к-сі 15
Ахметқали Серғали Ерғалиұлы, магистр, оқытушы
Оқытылатын пәндер: Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар s_akhmetkali@apems.edu.kz
Астана қ., Қарқаралы к-сі 15

Серіктестер мен демеушілер

  • серіктес 1
  • серіктес 2
  • серіктес 3
  • серіктес 4
  • серіктес 5
  • серіктес 6
  • серіктес 7