Негізгі мазмұнға өту

Ауысу, қайта қабылдау және академиялық демалыс

KNUS-ке ауыстыру және қайта қабылдау білім алушының оқудан шығарылған мерзіміне қарамастан кез келген білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

Оқудан шығарылғаннан кейін ауыстыру немесе қайта қабылдау білім алушының жеке оқу жоспарына сәйкес игеріліп жатқан білім беру бағдарламасының бірінші академиялық кезеңін толық аяқтауы шартымен жүзеге асырылады.

Білім алушылар қатарына қайта қабылдау тек ақылы негізде жүзеге асырылады. Бұл ретте білім алушы ректордың атына қайта қабылдау туралы өтініш береді. Қайта қабылдау туралы өтінішке ресми транскрипт қоса тіркеледі.

Бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне, сондай-ақ бір жоғары оқу орнынан басқа жоғары оқу орнына ауыстыру және қайта қабылдау каникул кезеңінде жүзеге асырылады.

Оқу жоспарларындағы пәндер бойынша академиялық айырмашылық KNUS тарапынан транскриптте көрсетілген меңгерілген пәндер тізбесі, олардың бағдарламалары және академиялық сағаттар немесе академиялық кредиттер көлемі негізінде айқындалады.

Білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде оқу жоспарларындағы пәндер бойынша академиялық айырмашылықтың академиялық кредиттер көлемі, әдетте, бакалавриаттың білім беру бағдарламасы (бұдан әрі — ББ) бойынша 27 кредиттен аспауы тиіс.



Білім алушыны басқа жоғары оқу орнынан KNUS-ке ауыстыру рәсімі келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

01

Басқа жоғары оқу орнынан KNUS-ке ауысуды қалаған білім алушы жіберуші жоғары оқу орнының ректорының атына ауысу туралы еркін нысанда өтініш береді және мөрмен расталған жазбаша келісім алғаннан кейін ауысатын KNUS ректорына жүгінеді.

02

Ауыстыру туралы өтінішке ректор мен Регистратор офисі қол қойған және мөрмен расталған транскрипттің көшірмелері, сондай-ақ KNUS ректорының атына жазылған (ректордың қолы және мөрі қойылған) өтініш қоса тіркеледі.

03

Ұсынылған құжаттар негізінде декан оқу жоспарларындағы пәндер айырмашылығын айқындайды және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес оқу жылын белгілейді.

04

Регистратор офисі білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептеуді жүзеге асырады және білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді.

05

Декан мен Регистратор офисінің визаларына сәйкес KNUS ректорының мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша (мемлекеттік грант тағайындалғаны туралы сертификат болған жағдайда) немесе ақылы негізде қабылдау туралы бұйрығы шығарылады.


KNUS білім алушысын басқа жоғары оқу орнына ауыстыру рәсімі келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

01

Басқа жоғары оқу орнына ауысуды қалаған білім алушы KNUS ректорының атына ауысу туралы еркін нысанда өтініш береді және мөрмен расталған жазбаша келісім алғаннан кейін өзі таңдаған жоғары оқу орнының басшысына жүгінеді.

02

Қабылдаушы жоғары оқу орнының басшысының атына жазылған ауыстыру туралы өтінішке ректор мен Регистратор офисі қол қойған және мөрмен расталған транскрипттің көшірмелері, сондай-ақ KNUS ректорының атына жазылған (ректордың қолы және мөрі қойылған) өтініш қоса тіркеледі.

03

Декан мен Регистратор офисінің визаларына сәйкес KNUS ректорының білім алушыны ауыстыру туралы бұйрығы шығарылады.

04

Осындай сұрау алынғаннан кейін ректордың «(жоғары оқу орнының атауы) оқу орнына ауысуына байланысты оқудан шығарылды» деген тұжырыммен оқудан шығару туралы бұйрығы шығарылады.


Байланыс және қолдау

Ауыстыру, қайта қабылдау, оқудан шығару немесе академиялық демалыс мәселелері бойынша KNUS Тіркеуші офисіне хабарласа аласыздар. Біз әрқашан көмектесуге дайынбыз!

Муталова Жазира Саткановна
Тіркеуші офисінің басшысы
Тел: 8 (700) 957-00-61, 8 (700) 957-00-68. E-mail: zh.mutalova@knus.edu.kz Жұмыс регламенті: 09:00 - 18:00 г. Астана, ул. Қарқаралы 15
Турганова Назипа Ахметовна
Тіркеуші офисінің менеджері
Тел: 8 (700) 957-00-61, 8 (700) 957-00-68 E-mail: n.turganova@knus.edu.kz Жұмыс регламенті: 09:00 - 18:00 Астана қ., Қарқаралы көш. 15, 2-қабат
Мажитова Динара Мирболатовна
Тіркеуші офисінің менеджері
Тел: 8 (700) 957-00-61, 8 (700) 957-00-68. E-mail: d.mazhitova@knus.edu.kz Жұмыс регламенті: 09:00 - 18:00 г. Астана, ул. Қарқаралы 15., 2-қабат