Психологиялық кеңес беру орталығы — бұл университет студенттері мен қызметкерлеріне психологиялық қолдау көрсететін, тұлғалық дамуға жағдай жасайтын қауіпсіз әрі жайлы кеңістік.
Оқу жылының басынан бері орталық кешенді әрі жүйелі жұмыстарды жүзеге асырып келеді:
Таныстыру шаралары: оқу жылының басында 1-курс студенттеріне арналған «Bastau week» аясында орталықтың қызметі мен мүмкіндіктері туралы таныстыру презентациялары өткізілді.
Бейімделу тренингтері: студенттік өмірге тез әрі оңай үйрену мақсатында әрбір 1-курс академиялық тобы үшін арнайы бейімделу тренингтері жүргізілуде.
Ағартушылық дәрістер: Халықаралық суицидтің алдын алу күніне орай студенттер мен ұжымға арналған «Психикалық саулық» атты мазмұнды дәріс ұйымдастырылды.
Психологиялық клуб: орталық базасында студенттердің жан дүниесін тануға бағытталған психологиялық клуб жұмыс істейді. Қыркүйек айында клубтың алғашқы кездесуі өтіп, қатысушылар денеге бағытталған терапия әдістерін тәжірибеде меңгерді.
Жалпы скрининг: барлық курс студенттерінің психологиялық әл-ауқаты мен әлеуметтік бейімделу деңгейін анықтау мақсатында кең көлемді сауалнама-скрининг өткізілді.
Жеке кеңес беру: орталық психологы кез келген университет студенті мен қызметкеріне қолжетімді, құпиялылық сақталатын жеке консультацияларды тұрақты түрде өткізеді.
Орталықтың негізгі жұмыс форматтары
Жеке және топтық кеңес беру
Топтық тренингтер мен шеберлік сабақтары
Күйзелісті жеңілдету апталықтары (Stress Relief Weeks)
Психологиялық клуб отырыстары
Байланыс ақпараты
Мекенжайы: Олимпиадалық резерв колледжі, В02-101 кабинет Instagram: @knus_psy_centre

Хурматуллаева Қарлығаш Қайратқызы
Психологиялық кеңес беру орталығының психологі
karlygash.khurmatullayeva@knus.edu.kz
Олимпиадалық резерв колледжі, В02-101 кабинет
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ҮШІН ЖӘНЕ ЖҰМЫС УАҚЫТЫНАН ТЫС КЕЗДЕ ТӨМЕНДЕГІ ТЕЛЕФОНДАРҒА ХАБАРЛАСЫҢЫЗДАР
8 7172 54 76 03 (24/7) Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық психикалық денсаулық орталығы»
150 (24/7) немесе Whatsapp: +7 708 10 608 10 (24/7) Балалар мен жасөспірімдерге арналған ұлттық сенім телефоны
111 (24/7) отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «Call 111» орталығы

