Ресми және бейресми білім беру
Формальды білім беру нәтижелерін тану тәртібі
Жоғары білім беру білім беру бағдарламасының бейіні алдыңғы білім беру деңгейінің білім беру бағдарламасымен сәйкес келген жағдайда, алдыңғы формальды білім беру деңгейінің оқу нәтижелері автоматты түрде танылады.
Формальды білім беру нәтижелерін растайтын құжаттарға алдыңғы білім беру деңгейінің дипломы және дипломға қосымша, білім алуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін анықтама, сондай-ақ транскрипт жатады.
Формальды білім берудің қосымша нәтижелерін тануға негіз болып Комиссия Төрағасының атына білім алушының жеке өтініші табылады.
Бұл ретте білім алушы формальды білім берудің қосымша нәтижелерін тану және тиісінше осы оқу пәнін оқу көзделген триместр басталғанға дейін академиялық кредиттерді қайта есептеу туралы өтініш береді.
Игерілген академиялық кредиттерді тану білім беру бағдарламаларын, меңгерілген білімді, дағдылар мен құзыреттерді, сондай-ақ қол жеткізілген оқу нәтижелерін салыстыру негізінде жүзеге асырылады.
Академиялық ұтқырлық шеңберінде білім алушылар толық көлемде меңгерген және транскриптпен расталған оқу нәтижелері KNUS тарапынан міндетті түрде танылады.
Бейресми білім беру
Қазақстан Республикасында бейресми білім беруді ұсынатын ұйымдар тізіліміне енгізілген танылған ұйымдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары.
Әлемдік білім беру қауымдастығында танылған МООК: Coursera, Udacity, edX, FutureLearn, OpenClassrooms, EDUCAUSE, MICROBOL (микрокредиттер).
QS World University Rankings, Times Higher Education World University Rankings және Academic Ranking of World Universities (ARWU) рейтингтерінің ағымдағы тізіміне сәйкес алғашқы 200 орынға кіретін әлемдік жоғары оқу орындарының МООК-тары мен өзге де курстары.
Өзекті сертификаттары бар тілдік курстар:
- Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Program (TOEFL ITP) — кемінде 163 балл
- Test of English as a Foreign Language Internet-Based Test (TOEFL iBT) — кемінде 46 балл
- Test of English as a Foreign Language Paper-Based Test (TOEFL PBT) — кемінде 453 балл
- Test of English as a Foreign Language Paper-Delivered Test (TOEFL PDT) — кемінде 65 балл
- International English Language Testing System (IELTS) — кемінде 5,5 балл
Авторизацияланған/аккредиттелген ұйымдармен сертификатталған кәсіби курстар:
- 1C Бухгалтерия
- CAP
- CIPA
- CISCO және т.б
Алдын ала деканның келісімімен, қайта есептелетін оқу пәні жүзеге асырылатын құрылымдық бөлімше базасында орындалған волонтерлік қызмет нәтижелері, академиялық кредиттер/сағаттар көлемі және қалыптастырылатын дағдылар көрсетіле отырып.
