Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған білім беру гранттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 Қаулысымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидалары» негізінде білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі.
"Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы - "Әділет" АҚЖ (zan.kz)
Конкурс үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша куәлік беріле отырып өткізіледі.
Ашық конкурс туралы хабарландыруды сайтының knus.edu.kz басты бетінде босаған білім беру гранттарының саны білім беру бағдарламаларының топтары мен курс бөлінісінде көрсетіле отырып, орналастырады.
Үлгерімінің GPA орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңінде бағалары А, А- («өте жақсы») білім алушылар ғана басым құқыққа ие болады, келесі кезекте – А, А- («өте жақсы») бастап В+, В, В-, С+ («жақсы») дейінгі бағалар, бұдан әрі – аралас бағалар.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау рәсімі «Білім алушыларды оқудан шығару, ауыстыру, қалпына келтіру және академиялық демалыс беру қағидаларында» көрсетілген және мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
ақылы негізде білім алушы білім беру гранты негізінде оқуға ауыстыру туралы өтінішті және оның жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін Деканатқа тапсырады. Барлық оқу кезеңіне Транскрипті Офис-тіркеуші қамтамасыз етеді;
Деканат білім алушының өтініші мен құжаттарын қабылдап, тіркеу журналына тіркейді;
Офис-тіркеуші емтихан сессияларының қорытындысы бойынша босатылған мемлекеттік білім беру гранттарына үміткерлер туралы ақпаратты KNUS әкімшілігіне береді;
KNUS әкімшілігі келіп түскен өтініштерді қарап, оны ғылыми кеңестің қарауына шығарады;
үміткерлерді іріктеу жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады;
5 тамызға және 25 қаңтарға дейінгі мерзімде Офис-тіркеуші түпкілікті шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне (бұдан әрі – ҚР ҰӘҚ) бос білім беру гранттарына ауысуға үміткерлердің тізімін жібереді. Білім алушының өтінішіне Ғылыми кеңестің шешімімен бірге білім алушының транскрипті, оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, білім беру гранты иегерінің куәлігі (түпнұсқасы) және оқудан шығуы туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған және үміткерлердің болмауына байланысты білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынылған босаған білім беру гранттарын комиссия конкурстық негізде қайта бөледі
ҚР ҒжЖБ келіп түскен құжаттарды білім беру бағдарламаларының топтары, оқуға түскен жылын ескере отырып, оқу нысаны мен мерзімі бөлінісінде қарайды және шешім оң болған жағдайда босаған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады (білім беру бағдарламаларының топтары бойынша үміткерлер болмаған жағдайда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған білім беру гранттары даярлық бағытының немесе білім беру саласының ішінде қайта бөлінеді);
ҚР ҒжЖБ бұйрығының негізінде РМҚК Ұлттық тестілеу орталығы өтініш берген білім алушының атына мемлекеттік білім беру гранты иегерінің куәлігін ресімдейді;
Берілген куәліктің және ҚР ҒжЖБ бұйрығы негізінде Офис тіркеуші білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға ауысу күнін көрсете отырып, бұйрық шығарады.