Ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттау
Білім алушылардың оқу үлгерімін ағымдағы бақылауды жүргізу тәртібі
Білім алушылардың оқу үлгерімін ағымдағы бақылау аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда білімді бақылауды қамтиды. Ағымдағы үлгерімді бақылау бағасы (рұқсат рейтингі) аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы ағымдағы бақылау бағаларынан және межелік бақылау бағаларынан құралады.
Межелік бақылаудың мерзімдері, саны және өткізу тәртібі академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады.
Білім алушылардың оқу үлгерімін ағымдағы бақылауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі KNUS Ғылыми кеңесімен бекітілген KNUS Академиялық саясатына сәйкес айқындалады.
Білім алушылардың барлық бақылау түрлері бойынша (ағымдағы бақылау, аралық аттестаттау) оқу жетістіктері білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланып, дәстүрлі бағалау шкаласына ауыстырылады.
Білім алушылардың тілдер (шет тілі, қазақ тілі, орыс тілі) бойынша оқу жетістіктері оларды меңгерудің деңгейлік моделіне сәйкес шкала бойынша бағаланады.
Білім алушыларды аралық аттестаттауды өткізу тәртібі
Білім алушыларды аралық аттестаттау академиялық күнтізбеге, жұмыс оқу жоспарына және ГОСО негізінде әзірленген оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Әрбір оқу пәні бойынша емтихан нысаны профессор-оқытушылар құрамы және білім беру бағдарламасының координаторлары тарапынан дербес айқындалып, пәннің силлабусында көрсетіледі.
Білім алушыларды аралық аттестаттауды (емтихан сессиясын) ұйымдастыру және өткізу Тіркеуші офисі арқылы жүзеге асырылады.
Аралық аттестаттауға 100 балдық-рейтингтік шкала бойынша рұқсат рейтингі кемінде 50 балл болған білім алушылар ғана жіберіледі
Әрбір пән бойынша емтихан аяқталғаннан кейін білім алушыға қорытынды баға қойылады, ол рұқсат рейтингі бойынша оң бағаларды (50 балл және одан жоғары) және аралық аттестаттау нәтижесін қамтиды.
Білім алушының ағымдағы үлгерімінің бағасы пән бойынша қорытынды білім бағасының 60%-ын, ал емтихан бағасы 40%-ын құрайды.
Қорытынды мемлекеттік аттестаттауды өткізу тәртібі
Бакалавриатта білім алушыларды қорытынды аттестаттау дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау немесе кешенді емтихан тапсыру нысанында жүргізіледі. Кешенді емтихан бағдарламасы жоғары білім беру бағдарламасына сәйкес еңбек нарығы талап ететін интеграцияланған білім мен негізгі құзыреттерді қамтиды.
KNUS білім алушыларын қорытынды аттестаттау ГОСО-да белгіленген нысандар бойынша өткізіледі. Өткізу мерзімдері мен ұзақтығы академиялық күнтізбеде, жұмыс оқу жоспарларында және KNUS білім беру бағдарламаларында көзделген.
Орташа үлгерім балы (GPA) 3.5-тен төмен емес, ғылыми қызығушылығы айқын білім алушылар дипломдық жұмысты (жобаны) жазуға және қорғауға жіберіледі. Бұл жағдайда білім алушы алдыңғы оқу курсының сәуір айының соңына дейін ректордың атына өтініш беруге құқылы. Сонымен қатар, GPA 3.5-тен төмен емес білім алушы кешенді емтихан нысанында қорытынды аттестаттаудан өтуге құқылы. Басқа жағдайларда білім алушылар қорытынды аттестаттаудан кешенді емтихан нысанында өтеді.
Дипломдық жұмыстар (жобалар) плагиаттың бар-жоғына тексеріледі.
Кешенді емтихан өткізілетін бейіндік пәндердің тізбесі оқу-әдістемелік кеңесте қаралып, білім беру бағдарламалары департаменттерінің ұсынысы негізінде KNUS Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі
Білім беру бағдарламасының, жеке оқу жоспарының және жұмыс оқу бағдарламаларының талаптарын орындамаған бітіруші курс білім алушысы жазғы семестрден өтпей-ақ қайта оқу курсына қалдырылады.
