Спорттық медицина, оңалту және клиникалық зерттеулер институты
Қазақ ұлттық спорт университетінің Спорттық медицина, оңалту және клиникалық зерттеулер институты спорттық медицинаны, оңалтуды, функционалдық диагностиканы, ғылыми зерттеулер мен білім беруді біріктіреді.
Институттың негізгі міндеті – спортшыларды даярлауды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге, халықтың денсаулығын сақтау мен нығайтуға, спорт ғылымын дамытуға және Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт жүйесіне заманауи технологияларды енгізуге бағытталған спорттық медицина, спорт ғылымы, оңалту, дене шынықтыру және спорт салаларындағы ғылыми, ғылыми-техникалық, білім беру, инновациялық, сараптамалық-талдамалық және халықаралық қызметті жүзеге асыру.
Қызметтің негізгі бағыттары
Институт спортшыларды, спорт командаларын және студенттерді кешенді медициналық және ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
Спорттық жарақаттардың алдын алу, диагностикасы және емі.
Медициналық оңалту.
Функционалдық және биомеханикалық тестілеу.
Спортшылардың физикалық жұмыс қабілеттілігін бағалау.
Зерттеулер және оқыту
Институт базасында клиникалық және қолданбалы ғылыми зерттеулер, Қазақ ұлттық спорт университеті студенттерінің практикалық даярлығы және мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламалары жүзеге асырылады.
Институт А13 блогында орналасқан.
Институт командасы
Зұлхарнай Берік Құрманғалиұлы
Спорттық медицина, оңалту және клиникалық зерттеулер институтының директоры, дәрігер-реабилитолог Астана қ., Қарқаралы тас жолы, 15, А13 блогы
Елубай Мағжан Бейбітұлы
Оңалту, биомеханика және бейімделген спорт департаментінің директоры, дәрігер-реабилитолог, спорттық медицина және оңалту магистрі (MSc, Назарбаев Университет), Sports and Exercise Medicine бағдарламасы бойынша магистр (MSc, Лидс университеті, Ұлыбритания) Астана қ., Қарқаралы тас жолы, 15, А13 блогы
Мукиев Серик Толеубекулы
Жетекші ғылыми қызметкер, дәрігер-реабилитолог, спорттық медицина және оңалту магистрі, «Жаһандық денсаулық сақтау» бағыты бойынша PhD докторанты (Назарбаев Университет) Астана қ., Қарқаралы тас жолы, 15, А13 блогы
Абзалбекова Айжан Сымбатовна
Клиникалық зерттеулер жөніндегі директор, дәрігер-невролог Астана қ., Қарқаралы тас жолы, 15, А13 блогы
Спорттық оңалту үйірмесі KNUS Sports Rehabilitation Club
Спорттық оңалту үйірмесі – Қазақ ұлттық спорт университетінің Институт жанындағы студенттік бірлестігі. Ол спорттық оңалтуды зерттеуге және дамытуға, спорттық жарақаттардың алдын алуға, студенттер арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Үйірме жетекшісі – Зұлхарнай Б.Қ.

