Негізгі мазмұнға өту
Меморандум

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Барлық жаңалықтар

Қазақ ұлттық спорт университеті ректор К.Т. Куангалиевна және Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясының Бас хатшысы Нұрғазина Келбет Мұраловна арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастықтың перспективаларын талқылап, оқу-жаттығу жиындарын (ОЖЖ) ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының чемпионаттарын өткізу, сондай-ақ халықаралық жарыстарды дамыту мәселелерін қарастырды.
Аталған ынтымақтастық жеңіл атлетиканы дамытуға, серіктестік байланысты нығайтуға және жоғары білікті мамандар мен спортшыларды даярлауға бағытталған.