Жаңалықтар
Erasmus Staff Mobility бағдарламасы аясында Marius Brazaitis...
Барлық жаңалықтар
Erasmus Staff Mobility бағдарламасы аясында Marius Brazaitis - Литва спорт университетінің (LSU) Спорт ғылымы және инновациялар институтының аға-зерттеушісімен кездесу өтті. Кездесу барысында ынтымақтастықты дамыту және серіктестік байланыстарды нығайту перспективалары талқыланды.
Сондай-ақ профессор университеттің ғылыми ұжымына арналған лекция-презентация өткізді. LSU университетінің қызметі, оның ғылыми инфрақұрылымы, сондай-ақ ғылыми-зерттеу саласындағы негізгі бағыттары, нәтижелер мен жетістіктері таныстырылды
