Спорт күні қарсаңында Қазақ ұлттық спорт университетінде «Қазақстандағы спорт: реформадан нәтижеге» тақырыбында өткен спорттық конференция аясында кәсіби сала өкілдерін ұлықтаған салтанатты рәсім өтті.
Салтанатты шара барысында еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға «Еңбек ардагері», «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Спорт саласының үздігі», «Құрметті спорт қызметкері», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Ыбырай Алтынсарин», «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгілері табысталды. Бірқатар сала мамандары Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапатталды. Шараның ресми бөлігі концерттік бағдарламамен түйінделді.