Негізгі мазмұнға өту
Жаңалықтар

Спорт күні қарсаңында министрлер KNUS-тың спорттағы инновациялық жобаларымен танысты

Барлық жаңалықтар

«Қазақстандағы спорт: реформадан нәтижеге» тақырыбында өткен спорттық конференция аясында еліміздің бірқатар министрі KNUS-тың заманауи инфрақұрылымы мен спорт ғылымын дамытуға бағытталған инновациялық жобаларымен танысты.

Қазақ ұлттық спорт университетіне ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова арнайы келді.

Қонақтарға университеттің ректоры Тұрсынзада Қуанғалиева оқу орнының білім беру және ғылыми әлеуетін, заманауи материалдық-техникалық базасын және спорттағы жаңа технологияларды дамыту бағытындағы жұмыстарын таныстырды.

Бүгінде KNUS спортты тек жаттығу мен жарыс алаңы ретінде емес, ғылым, технология және деректер тоғысқан жаңа экожүйе ретінде қалыптастыруға басымдық беріп отыр.

Осы бағыттағы әзірлемелер қатарында SMART TABLE TENNIS, AI Video Analytics for Wrestlers, Digital Biomechanics Lab жобалары таныстырылды. Сонымен қатар қонақтар Sport Analytics and Training, Kazakhstan Taekwondo Research & Development Center және High-Tech Golf Center ғылыми орталықтарының қызметімен танысты.

Бұл жобалардың барлығы Қазақстандағы спорт ғылымын жаңа деңгейге көтеріп, жоғары нәтижелі спортты ғылыми деректер мен заманауи технологияларға сүйеніп дамытуға мүмкіндік береді.

Министрлік өкілдері университеттің заманауи материалдық-техникалық базасын, ғылыми-зерттеу жұмыстарының әлеуетін және инновациялық жобаларын жоғары бағалап, спорт, білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларының өзара ықпалдастығының маңыздылығын атап өтті.

Спорт күні қарсаңында министрлер KNUS-тың спорттағы инновациялық жобаларымен танысты | KNUS