Қазақ ұлттық спорт университетінде EA SPORTS FC 26 бойынша Қазақстан чемпионатының LAN-финалы өтті
Финалда еліміздің үздік сегіз ойыншысы чемпиондық атақ үшін өзара бақ сынады. Жарыс Ultimate Team FC Pro режимінде плей-офф форматында өтті. Турнирдің шешуші кезеңінде Данияр «dan1k» Шарабадин қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды.
Финалдық кезеңде Абылай «Abyl_Qazaqstan» Жанаберген екінші орынға ие болса, Әлішер «alish_back» Мұқанәлі үздік үштікті түйіндеді.
Данияр Шарабадин ел чемпионы ретінде UEFA eEURO 2026 халықаралық кезеңінде Қазақстан атынан өнер көрсету құқығына ие болды.
Қараша айында Еуро турниріне іріктеу кезеңі өтеді. Сол іріктеуге қатысып, Еурода бақ сынағым келеді. Ал оған дейін жақсылап дайындалып, бұдан да жоғары деңгейге жетуге тырысамын. Еурода Қазақстанның намысын абыроймен қорғағым келеді.UEFA eEURO 2026 онлайн топтық кезеңі 17-18 қазанда өтеді. Жарыстың бұл кезеңіне УЕФА-ға мүше 47 ұлттық қауымдастықтың өкілдері қатысады. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік сегіз ойыншы 12 желтоқсанда Лондонда өтетін eEURO 2026 финалдық кезеңіне жолдама алады.
