Негізгі мазмұнға өту
Жаңалықтар

KNUS-та бірінші курс студенттерін салтанатты қабылдау кеші өтті

Барлық жаңалықтар

Қазақ ұлттық спорт университетінде бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдауға арналған салтанатты кеш өтті.

Университеттің жаңа тынысымен танысып, студенттік өмірге қадам басқан жастар үшін ұйымдастырылған кеш ерекше көңіл күй мен жарқын әсерге толы болды.

Салтанатты шарада университет ректоры Тұрсынзада Қуанғалиева жас студенттерге өмірлік бағдар болар үш маңызды кеңесін ұсынды. Ол уақыттың әр сәтін бағалай білуге, үнемі жаңа мүмкіндіктерді іздеп, оларды тиімді пайдалануға және биік мақсаттардан қорықпай, үлкен армандарға батыл қадам жасауға шақырды.

Концерттік бағдарлама да мазмұны мен көркемдік деңгейі жағынан ерекше болды. Көрермендер алдында KNUS Live Band вокалды-аспаптық тобы, SERPIN Dance Club би ұжымы, SAZ домбырашылар оркестрі, университет квартеті мен жеке орындаушылары өнер көрсетті.

Кештің хедлайнері «Самая вышка» және «Дискотека из 90-х» хит әндерінің орындаушысы Артур Давлетяров болды. Оның өнері кештің шырайын кіргізіп, залдағы көрермендер әр әнге қосыла шырқады. Көтеріңкі көңіл күй мен ерекше энергияға толы атмосфера кештің есте қаларлық сәттерінің біріне айналды.

Сонымен қатар, бірінші курс студенттері арасында ақшалай сертификаттар ойнатылып, кеш қонақтарына жағымды тосынсый жасалды.Кештің қорытынды аккорды вальс болды. Ересек өмірге бастар алғашқы қадамның символындай болған бұл би студенттік өмірдің жаңа кезеңін әсем әуенмен айшықтады.

Осылайша, KNUS студенттері үшін жаңа өмір кезеңі әдемі әуенмен, жарқын эмоциялармен және ұмытылмас әсерлермен басталды.