“Халықаралық сарапшылар Қазақстанда таза спорттың жаңа философиясын талқылап жатыр”
Казахский национальный университет спорта становится мостом между международным образованием и сферы спорта. Так, в Астане стартовала Глобальная программа лидерства и дипломатии в области чистого спорта Mini MBA, организованный университетом спорта.
Халықаралық деңгейдегі білім беру бағдарламасының университет базасында өтуі спорттық білім, ғылым, мемлекеттік құрылымдар мен халықаралық спорт қауымдастығы арасындағы кәсіби байланысты нығайта түседі. Осылайша, Қазақ ұлттық спорт университеті халықаралық тәжірибе мен сараптаманы заманауи спорт саласына қажетті нақты білім мен практикалық шешімдерге ұштастыратын кәсіби алаң ретіндегі рөлін күшейтіп келеді.
28–30 қыркүйек аралығында Қазақстанның спорт саласының өкілдері спорттық менеджмент, адалдық қағидаттары және институционалдық реформалар бағытындағы халықаралық сарапшылармен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Бағдарламаның халықаралық деңгейі әлемдік спортты басқару саласында жоғары деңгейде тәжірибе жинақтаған мамандардың қатысуымен қамтамасыз етілді.
Бағдарлама сарапшыларының қатарында Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті WITOLD BAŃKA, WADA Президенті кеңсесінің Варшавадағы директоры RAFAŁ PIECHOTA, Варшава университетінің доценті, Польша Олимпиадалық зерттеулер орталығының директоры, Sport Management Institute бас атқарушы директоры GRZEGORZ BOTWINA, сондай-ақ FIFA, CAF және EFC ұйымдарында 15 жыл еңбек еткен, институционалдық реформалар мен өзгерістерді басқару жөніндегі сарапшы SARAH SOLÉMALÉ бар.
Қазақстанның спорт саласы өкілдері үшін алғаш рет осындай қарқынды форматта халықаралық деңгейде маңызды шешімдер қабылдаған сарапшылардан тікелей білім алу мүмкіндігі ұсынылып отыр. Сарапшылар допингке қарсы саясатты қалыптастырудан бастап, спорт ұйымдарын басқару жүйелерін реформалауға дейінгі үдерістерге қатысқан. Бұл ретте бағдарлама халықаралық мамандар мен Қазақстанның спорт саласы өкілдері арасында кәсіби тәжірибе алмасуға және ашық диалог орнатуға мүмкіндік береді.
Бағдарлама спорт саласын басқарудың заманауи тәсілдеріне арналған. Оның негізгі тақырыптары қатарында спорттағы адалдықтың жаһандық жүйесі, ұйымдардың институционалдық тұрақтылығы, стратегиялық көшбасшылық, басқару тәуекелдерін бағалау, мемлекеттік қаржыландыру модельдері және реформаларды іске асырудың практикалық құралдары бар.
Үш күн ішінде қатысушылар 9 панельдік сессияға қатысып, сарапшылармен бірлескен талқылаулар, нақты жағдайларды талдау және практикалық тапсырмалар форматында жұмыс істейді. Бағдарламаның қорытынды кезеңінде реформаларды жобалау бойынша арнайы зертхана ұйымдастырылып, қатысушылар институционалдық трансформацияға бағытталған өз стратегияларын сарапшылар тобына ұсынады. Халықаралық бағдарламаның Қазақ ұлттық спорт университетінде өтуі еліміздегі спорттық білім мен кәсіби даярлықтың халықаралық тәжірибемен ықпалдасуына жаңа мүмкіндік береді.
