Чемпиондар
Қазақ ұлттық спорт университетінің студенттері — Әлем чемпиондары!
Барлық жаңалықтар
2026 жылғы 27 ақпан – 1 наурыз аралығында Германияның Инцель қаласында жасөспірімдер арасында конькимен жүгіруден Әлем чемпионаты өтті.
Жасөспірім қыздар арасындағы командалық спринтте Қазақстан құрамасы сенсациялық нәтиже көрсетіп, І орынды иеленіп, Әлем чемпионы атанды!
Құрама сапында:
• А. Беловодова
• В. Глухова
• К. Шумекова
Айта кетейік, Анастасия Беловодова мен Кристина Шумекова — Қазақ ұлттық спорт университетінің студенттері.Спортшыларымызды тарихи жеңіспен құттықтаймыз!
