Негізгі мазмұнға өту
Меморандум

Қазақ ұлттық спорт университетінде Қазақстан хоккей федерациясы-мен стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Барлық жаңалықтар

Бұл маңызды оқиға жоғары спорттық білім беру жүйесі мен еліміздің кәсіби хоккей қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа кезеңін бастайды. Серіктестік спортшылар мен басқарушы кадрларды жүйелі даярлауға, жаттығу үдерісін ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етуге және заманауи дайындық технологияларын енгізуге бағытталған.
Федерацияның тәжірибесі мен Университеттің білім беру әлеуетін біріктіре отырып, біз жаңа буын хоккейшілерін тәрбиелеудің берік негізін қалыптастырып, қазақстандық хоккейдің халықаралық аренадағы позициясын нығайтуға үлес қосамыз.Мықты серіктестік — үлкен жеңістердің кепілі.