Негізгі мазмұнға өту
Меморандум

Қазақ ұлттық спорт университеті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитетімен (Орталық спорт клубымен) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Барлық жаңалықтар

Аталған келісім спорттық, ғылыми және әскери-қолданбалы дайындықты ұштастыратын жоғары білікті мамандарды кешенді даярлауға жаңа мүмкіндіктер ашады. Ынтымақтастық аясында тараптар спорт және қорғаныс салалары үшін мамандар даярлауға бағытталған бірлескен білім беру бастамаларын дамытуға, оқу үдерісіне тәжірибеге бағытталған тәсілдерді енгізуге, сондай-ақ университет базасында әскери кафедра ашу мәселесін қарастыруға ниетті. Сонымен қатар студенттердің тактикалық-стратегиялық дайындығын дамытуға, заманауи талаптарға сай қолданбалы дағдыларын қалыптастыруға, оқу-жаттығу жиындарын, семинарлар мен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға ерекше назар аударылады. Меморандумды жүзеге асыру спорт, ғылым және қорғаныс даярлығының ықпалдасуын күшейтіп, университеттің білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге және студенттердің кәсіби дамуына қосымша жағдай жасауға мүмкіндік береді. KNUS мемлекеттік құрылымдармен стратегиялық әріптестікті нығайтуды жалғастырып, заманауи әрі сұранысқа ие кадрлар даярлау жүйесін қалыптастыруда.