Негізгі мазмұнға өту
Жаңалықтар

Қазақ ұлттық спорт университетінің өкілдері Қытайдағы халықаралық семинарға қатысып келді

Барлық жаңалықтар

Олар спорт саласындағы халықаралық алмасуды дамытуға, спорт резервін даярлауға және балалар мен жасөспірімдер спорты бағытындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған халықаралық семинарға қатысып, оқу бағдарламасын аяқтады.

Семинар Қытайдың екі қаласы Бейжің мен Үрімшіде өтті. Қатысушылар балалар мен жасөспірімдер спортын дамытудың заманауи тәсілдерін, жас спортшыларды даярлау мен спорт резервін қалыптастырудың тиімді жолдарын, сондай-ақ спорт пен білім беру жүйелерінің өзара ықпалдастығын талқылады.

Семинар барысында Қазақстан мен Қытайдың спорт саласындағы мамандары арасында тәжірибе алмасуға, спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіруге және спорттық білім беруге заманауи тәсілдерді енгізуге ерекше назар аударылды.

Бағдарлама қорытындысы бойынша KNUS өкілдері оқу курсын сәтті аяқтап, тиісті сертификаттарға ие болды.