ҚР Құрылтайының I шақырылым депутаты Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы Қазақ ұлттық спорт университетіне келіп, «Talent Bridge 2026» мансаптық-білім беру форумы аясында студенттермен кездесті.
Спорттық бизнес және туризм департаментінің бастамашылық етуімен келген қонақ студенттермен өзінің өмірлік және кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Кәсіби спортшыдан спорт саласының әдіскеріне, облыстық басқарма басшысына, аудан әкіміне және депутаттық қызметке дейінгі жүріп өткен жолын баяндап, табандылықтың, көшбасшылық қасиеттердің және биік мақсаттарға ұмтылудың маңызын атап өтті. Кездесу аясында депутатқа университеттің заманауи оқу және спорт инфрақұрылымы таныстырылды.