Негізгі мазмұнға өту
Жаңалықтар

Орталық Азия және шетелдік спорт саласының басшылары Қазақ ұлттық спорт университетіне арнайы келді

Барлық жаңалықтар

«Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі аясында Қазақ ұлттық спорт университетіне ресми сапармен халықаралық делегация келді. Делегация құрамында Өзбекстан Республикасының спорт министрі Адхам Икрамов, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетіне қарасты Дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігінің директоры Урмат Асанбаев, сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Армения, Ресей және Түркияның спорт саласындағы мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдері болды.

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновпен бірге Қазақ ұлттық спорт университетінің ректоры Тұрсынзада Қуанғалиева шетелдік қонақтарды университеттің заманауи инфрақұрылымымен, ғылыми-білім беру әлеуетімен және озық инновациялық әзірлемелерімен таныстырды.

Делегация мүшелеріне университеттің ғылыми орталықтары мен заманауи цифрлық шешімдері таныстырылды. Атап айтқанда, SMART TABLE TENNIS, AI Video Analytics for Wrestlers, Digital Biomechanics Lab жобалары, сондай-ақ Sport Analytics and Training, Kazakhstan Taekwondo Research & Development Center және High-Tech Golf Center ғылыми орталықтарының қызметі көрсетілді.

Шетелдік делегация өкілдері университеттің заманауи материалдық-техникалық базасын, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейін және инновациялық әлеуетін жоғары бағалады. Кездесу барысында тараптар ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыру, тәжірибе алмасу және халықаралық деңгейдегі мамандар даярлау бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты.

Аталған сапар спорт, ғылым және жоғары білім беру салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етіп, бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу бастамаларын жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашты.