«Оқылатын пәндердің сапасын және оқытушылардың қызметін бағалау»
Спорт менеджменті және инновациялар департаментінде әрбір пән мен оқытушы бойынша «Оқытылатын пәндердің сапасын және оқытушылардың қызметін бағалау» тақырыбында жасырын сауалнамалар әзірленді (12.06.2026 жылғы № 11 хаттама). Аталған сауалнамалар университеттің сайтында орналастырылды. Магистранттар бұл сауалнамаларға жауап берді.
Сауалнамаға 5 магистрант қатысты. Сауалнама барысында пәндер мазмұнының жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкестігі, пәндердің мақсаттары мен міндеттерінің түсіндірілуі, олардың болашақ кәсіби қызметпен байланысы, теориялық материалдың практикалық мысалдармен толықтырылуы, оқу материалы көлемінің пәндерді оқуға бөлінген сағаттар санына сәйкестігі, тақырыптардың логикалық өзара байланысы, кәсіби құзыреттіліктердің қалыптасуы, сондай-ақ оқу әдебиеттерінің қолжетімділігі бағаланды.
Сауалнама нәтижелері бойынша барлық көрсеткіштер бойынша респонденттердің 60%-ы (3 магистрант) «толық келісемін» деген жауапты таңдады, ал 40%-ы (2 магистрант) — «келісемін» деп жауап берді. «Бейтарап/жауап беруге қиналамын», «келіспеймін» және «мүлдем келіспеймін» деген жауаптар тіркелген жоқ. Осылайша, барлық сұрақтар бойынша оң жауаптардың жиынтық үлесі 100%-ды құрады.
Магистранттар пәндердің мазмұны бекітілген жұмыс оқу бағдарламаларына, білім беру бағдарламасының бағытына және болашақ кәсіби қызметке сәйкес келетінін атап өтті. Пәндердің мақсаттары мен міндеттері оқудың басында түсінікті түрде түсіндірілді. Теориялық материал практикалық мысалдармен байланыстырылған, ал пән тақырыптары логикалық реттілікпен құрылған.
Сонымен қатар, оқу материалының көлемі пәндерді оқуға бөлінген сағаттар санына сәйкес келетіні, ал оларды меңгеру магистранттардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, кәсіби құзыреттіліктердің қалыптасуына ықпал ететіні анықталды. Ұсынылған оқу материалдары мен әдебиеттердің қолжетімділігі мен практикалық құндылығы да жоғары бағаланды.
Жалпы алғанда, сауалнама нәтижелері магистранттардың оқытылатын пәндердің мазмұны мен сапасына қанағаттануының жоғары деңгейін көрсетті.
Нәтижелер өңделіп, оқытушыларға, магистранттарға және университеттің ОӘК-не жеткізілді. Департаментте сауалнама нәтижелерін талқылағаннан кейін оқу процесін және оқытылатын пәндердің сапасын жақсарту бойынша түзету шаралары әзірленді. Университеттің ОӘК-і де түзету шараларын әзірлеуге қатысты.
