Негізгі мазмұнға өту
Жаңалықтар

Ғылым жолындағы жаңа белес!

Барлық жаңалықтар

Жаңа 2026–2027 оқу жылы қарсаңында Қазақ ұлттық спорт университетінің қызметкерлері докторантураға мемлекеттік грант негізінде оқуға түсіп, ғылым жолындағы маңызды қадам жасады.

1) Хамитова Эльмира Амантайқызы, Академиялық қызметтер департаментінің менеджері. Еуразия ұлттық университетінің «Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау» мамандығы бойынша докторантураға мемлекеттік грант иегері.

2) Ташетова Айгүл Даулыбайқызы, PR және коммуникация қызметінің басшысы.Еуразия ұлттық университетінің «Журналистика және репортерлік іс» мамандығы бойынша докторантураға мемлекеттік грант иегері.

3) Разакова Әсемгүл Мәлікқызы, Мансапты дамыту орталығының жетекшісі.С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша докторантураға мемлекеттік грант иегері.

4) Мустафина Назым Серікқызы, Қаржы-экономикалық жоспарлау және талдау департаментінің экономисі.Қазақ ұлттық спорт университетінің «Менеджмент және басқару» мамандығы бойынша докторантураға мемлекеттік грант иегері.

5) Нұрыбаев Қуаныш Есенұлы, Қазақ ұлттық спорт университетінің сеньор-лекторы.Еуразия ұлттық университетінің «Мәдениеттану» мамандығы бойынша докторантураға мемлекеттік грант иегері.

6) Имангожина Райхан Жанатқызы, деканат менеджері.Еуразия ұлттық университетінің «Туризм» мамандығы бойынша докторантураға мемлекеттік грант иегері.

Бұл — әріптестеріміздің кәсіби ізденісі мен білімге деген ұмтылысының нәтижесі ғана емес, университетіміздің ғылыми әлеуетін арттыру жолындағы маңызды қадам.

Ғылым жолындағы қадамдарыңыз сәтті болып, зерттеулеріңіз нәтижелі, ізденістеріңіз жемісті болсын! Жаңа ғылыми жетістіктер мен үлкен нәтижелерге жете беріңіздер!

Білім мен ғылымды қатар дамытып, Қазақ ұлттық спорт университетінің ғылыми әлеуетін бірге арттыра берейік! Докторантурадағы жаңа белес құтты болсын!

Ғылым жолындағы жаңа белес! | KNUS