Негізгі мазмұнға өту
Жаңалықтар

Инклюзивті спорттық білім беру бағытындағы жаңа серіктестік

Барлық жаңалықтар

Қазақ ұлттық спорт университеті мен Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Келісім аясындағы негізгі бағыттардың бірі — инклюзия мен бейімдік дене шынықтыруды дамыту, сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейту. Серіктестік екі жоғары оқу орнының білім беру және ғылыми әлеуетін ұштастырып, спорт саласындағы мамандарды даярлаудың жаңа тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазақ ұлттық спорт университеті үшін бұл серіктестік — спорттық білім беруді заманауи талаптарға сәйкес дамыта отырып, инклюзия мен бейімдік дене шынықтыру бағыттарында бірігіп мамандар даярлап, тәжірибе алмасып, ортақ жобаларды жүзеге асыру.

Ынтымақтастық аясында академиялық алмасу, бірлескен білім беру жобалары, ғылыми-зерттеу жұмыстары және инклюзивті спортты дамытуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыру көзделеді.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Қазақ ұлттық спорт университетінде «Бейімдік дене шынықтыру педагогі» білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады. Бағдарламаның мақсаты — қоғамның заманауи талаптарына жауап беретін, педагогикалық, спорттық-сауықтыру қызметі саласында әмбебап, жалпы кәсіби және кәсіби құзыреттерге ие, білікті әрі бәсекеге қабілетті бейімдік дене шынықтыру педагогтерін даярлау.

Бүгінде бұл бағдарламаның түлектері білім беру ұйымдарында, спорттық-сауықтыру, түзету және оңалту мекемелерінде сұранысқа ие. Олар ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың дене тәрбиесін ұйымдастыру, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту, әлеуметтік бейімделуіне қолдау көрсету және сауықтыру жұмыстарын жүргізу бағыттарында қызмет етеді.