Негізгі мазмұнға өту
Меморандум

KNUS СПОРТТЫҚ-ҒЫЛЫМИ ЗЕРТХАНАСЫ

Барлық жаңалықтар

United World Wrestling президенті мен Қазақстан күрес федерациясы Президенті КНУС-қа барып, жаңа ғылыми орталықтың жұмысымен танысты.

Жұмыс сапары аясында United World Wrestling президенті Nenad Lalović және Қазақстан күрес федерациясы Президенті Еркін Оқасов Қазақ ұлттық спорт университетіне барып, университеттің инфрақұрылымымен және жаңа ғылыми орталықтың қызметімен танысты.

Сапар барысында делегацияға университет базасында құрылған Спорттық аналитика және балуандарды даярлау ғылыми орталығының зертханасы таныстырылды. Аталған орталық заманауи технологияларды, цифрлық шешімдерді және жасанды интеллект элементтерін біріктіріп, оқу-жаттығу процесін ғылыми сүйемелдеуге және спортшылардың нәтижелерін арттыруға бағытталған.

Орталық жүйесі жаттығу процесін, диагностика жүргізуді, қозғалысты талдауды және деректерді өңдеуді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді. Бұл спортшылардың жағдайын нақты уақыт режимінде бақылауға, жеке дайындық бағдарламаларын әзірлеуге және жаттығу процесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ спортшыларды қалпына келтіру бағытына ерекше көңіл бөлінген. Жиналған аналитикалық деректер негізінде жүктемелер оңтайландырылып, жарақат алу қаупі төмендетіледі, бұл халықаралық дайындық стандарттарына толық сәйкес келеді.