Негізгі мазмұнға өту
Жаңалықтар

KNUS туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді

Барлық жаңалықтар

Бүгін Қазақ ұлттық спорт университетінде білім беру ұйымдары, туризм индустриясы, қонақжайлылық саласы, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері бас қосты. Кездесуде туризм және қонақжайлылық салаларына маман даярлау, халықаралық тәжірибені пайдалану және университеттер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайту мәселелері талқыланды.

Жиында KNUS ректоры Тұрсынзада Қуанғалиева, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Ғазизов және Sheraton Astana Hotel бас менеджері Мислав Микасек құттықтау сөз сөйледі. Сөз кезегінде University of Lucerne және International Tourism Academy өкілі Manana Ugulava, сондай-ақ IMI International Management Institute Switzerland өкілі Fortunata Rea Швейцариядағы маман даярлау тәжірибесімен бөлісті. Кездесу аясында KNUS Sheraton Astana Hotel және Халықаралық туризм және меймандостық университетімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Жаңа серіктестік студенттердің кәсіби тәжірибеден және тағылымдамадан өтуіне, практикалық даярлық сапасын арттыруға, сондай-ақ бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыруға жол ашады. Іс-шара B2B-сессиямен жалғасып, қатысушылар алдағы ынтымақтастықтың бағыттары мен бірлескен бастамаларды талқылады.