KNUS пен Kazakh Tourism ұлттық компаниясының ынтымақтастық.
Қазақ ұлттық спорт университеті мен Kazakh Tourism ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Талғат Ғазизовпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
KNUS - Kazakh Tourism
Бүгін Қазақ ұлттық спорт университеті мен Kazakh Tourism ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Талғат Ғазизовпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл әріптестік туризм және спорт саласына қажетті жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған. Ынтымақтастық аясында қонақжайлылық және тұрақты туризм, спорттық туризм, сондай-ақ құтқару спорты бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын бірлесіп жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Бұл бастама студенттерге заманауи білім алып, тәжірибелік дағдыларын дамытуға және Қазақстанның туризм индустриясының дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.Kazakh Tourism командасына серіктестік пен білім саласындағы бастамаларды қолдағаны үшін алғыс білдіреміз
