EMBA
KNUS: «Олимпиадалық көшбасшылық – 2026» салтанатты іс-шарасы өтті
Барлық жаңалықтар
Executive MBA «Sport Management» бағдарламасының түлектеріне салтанатты жағдайда дипломдар табысталды.
Шарада KNUS ректоры Турсынзада Қуанғалиева сөз сөйлеп, олимпиадалық құндылықтарды насихаттау мен спорттық менеджмент саласында кәсіби мамандар даярлаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.Марапаттау рәсімінен кейін олимпиадалық көшбасшылықтың амбассадорлары жарияланды. Олар: жүзуден олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтярев, Паралимпиаданың күміс жүлдегері Ерғали Шамей, Олимпиаданың қола жүлдегері Қамшыбек Құнқабаев, бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов, конькимен жүгіру спортынан чемпион әрі жаттықтырушы Кенжеш Сәрсекенова, дзюдодан 2012 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Тимур Болат.
