Негізгі мазмұнға өту
Жаңалықтар

KNUS пен Sheraton Astana қонақжайлылық индустриясына қажетті мамандар даярлау бағытында ынтымақтастық орнатады

Барлық жаңалықтар

Қазақ ұлттық спорт университетінің ректоры Тұрсынзада Қуанғалиева бастаған университет делегациясы елордадағы қонақүй бизнесінің жетекші өкілдерінің бірі — Sheraton Astana қонақүйіне барды.

Кездесу барысында тараптар жоғары білім беру жүйесі мен қонақжайлылық индустриясы арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған әріптестіктің нақты бағыттарын талқылады.

Дуалды білім беру және тағылымдамадан өту.

«Қонақжайлылық және тұрақты туризм» білім беру бағдарламасының студенттеріне кәсіби тәжірибеден өтуге және тағылымдамадан өтуге жағдай жасау, сондай-ақ алдағы уақытта жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қарастыру.

Практикаға бағдарланған оқыту. Қонақүй индустриясының білікті мамандарын оқу үдерісіне тарту, кәсіби тәжірибе алмасу және студенттердің тәжірибелік құзыреттерін дамыту.

Бірлескен іс-шаралар. Университет пен қонақүй өкілдерінің қатысуымен білім беру, іскерлік, спорттық және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру.

Спорт және wellness бағыты. Қонақүй қонақтары мен қызметкерлеріне арналған жаттығулар мен сауықтыру бағдарламаларын өткізуге университеттің жекелеген спорт түрлері бойынша кәсіби жаттықтырушыларын тарту мүмкіндіктерін қарастыру.

Sheraton Astana-мен орнатылған әріптестік KNUS студенттеріне халықаралық қонақүй бизнесінің жұмыс тәжірибесімен танысуға, кәсіби ортада білімін шыңдауға және еңбек нарығында сұранысқа ие маман ретінде қалыптасуға жол ашады.

Бұл бастама университеттің білім беру үдерісін нақты индустрия талаптарымен ұштастырып, студенттердің кәсіби даярлығын арттыруға және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға бағытталған.