Негізгі мазмұнға өту
Жаңалықтар

KNUS пен Шанхай спорт университеті бірлескен халықаралық білім беру бағдарламаларын іске қосады

Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шанхайға жұмыс сапары аясында Қазақ ұлттық спорт университеті (KNUS) мен Шанхай спорт университеті (Shanghai University of Sport) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат екі жетекші спорт жоғары оқу орны арасындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңіне жол ашып, спорттық оңалту және жаттықтырушылық қызмет бағыттары бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейді.

Сонымен қатар тараптар профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық ұтқырлығын дамытуға, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, озық білім беру тәжірибелерімен алмасуға және спорт ғылымы мен мамандар даярлау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге келісті.

Меморандумды іске асыру халықаралық білім беру стандарттарын оқу үдерісіне енгізуге, болашақ сала мамандарын даярлау сапасын арттыруға және Қазақ ұлттық спорт университетінің Орталық Азиядағы жетекші спорттық білім беру және ғылым орталықтарының бірі ретіндегі ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді.

KNUS пен Шанхай спорт университеті бірлескен халықаралық білім беру бағдарламаларын іске қосады | KNUS