Негізгі мазмұнға өту
Жаңалықтар

KNUS пен «Астана дипломатиялық клубы» стратегиялық әріптестік туралы келісімге келді

Барлық жаңалықтар

Қазақ ұлттық спорт университеті мен Астана дипломатиялық клубы спорттық дипломатияны және халықаралық өзара ықпалдастықты дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа Қазақ ұлттық спорт университетінің ректоры Тұрсынзада Қуанғалиева және «Астана дипломатиялық клубы» ҚБ төрағасы Қайырболат Сахметов қол қойды. Кездесу барысында тараптар серіктестік байланыстарды нығайтуға бағытталған бірлескен жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады.

Университет ректоры Тұрсынзада Қуанғалиева қонақтарға Қазақ ұлттық спорт университетінің қазіргі даму бағыттарын таныстырып, бүгінгі таңда KNUS тек дене шынықтыру пәні мұғалімдерін даярлайтын жоғары оқу орны емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, университетте спорттың әртүрлі түрлері бойынша жаттықтырушылар, спорт менеджменті, спорттық оңалту мамандары даярланады. Ректор «Қазақ күресі» бойынша жаттықтырушылар даярлау бағытына ерекше тоқталды. Бұл бағыт университет тарапынан ұлттық спорт түрлерін дәріптеудің және мәдени мұраны сақтаудың маңызды тетігі ретінде қарастырылады.

«Астана дипломатиялық клубы» дипломатиялық және мәдени бағыттарды дамытып, ақпараттық әрі ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді. Сонымен қатар клуб мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған конференциялар, форумдар және халықаралық іс-шаралар ұйымдастырады.

Кездесу соңында тараптар бұл ынтымақтастық спорттық дипломатияны дамытуға, қазақстандық спорттың халықаралық беделін арттыруға және елдер арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін ұзақмерзімді стратегиялық әріптестіктің негізіне айналатынына сенім білдірді.

KNUS пен «Астана дипломатиялық клубы» стратегиялық әріптестік туралы келісімге келді | KNUS