Негізгі мазмұнға өту
Жаңалықтар

Қазақ ұлттық спорт университеті Бразилияның жетекші университеттерінің бірімен ынтымақтастық орнатты

Барлық жаңалықтар

Қазақ ұлттық спорт университетіне Бразилияның Кампинас мемлекеттік университетінің (UNICAMP) делегациясы ресми сапармен келді. Кездесуге Бразилияның Қазақстандағы Елшісі Марсел Фортуна Биато қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша екі университет өзара түсіністік туралы меморандумға және халықаралық академиялық алмасу туралы келісімге қол қойды. Өзара түсіністік туралы меморандум спорттық білім беру, ғылыми зерттеулер және кәсіби даму бағыттарындағы ынтымақтастықты нығайтуға негіз қалайды. Атап айтқанда, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыру, оқытушылар мен зерттеушілер арасында тәжірибе алмасу, семинарлар мен өзге де академиялық іс-шаралар өткізу көзделген.

Ал академиялық алмасу туралы келісім екі жоғары оқу орнының студенттеріне серіктес университетте білім алудың бір бөлігін жүзеге асыруға, сондай-ақ оның білім беру және спорттық ортасымен танысуға мүмкіндік береді.

Қазақ ұлттық спорт университеті Бразилияның жетекші университеттерінің бірімен ынтымақтастық орнатты | KNUS