Жаңалықтар
Қазақ ұлттық спорт университетіне Израиль мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы және Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Йоав Быстрицкий арнайы жұмыс сапарымен келді.
Барлық жаңалықтар
Кездесу барысында тараптар жоғары білім, ғылым және спорт салаларындағы өзара ынтымақтастықты дамытудың перспективалы бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, академиялық ұтқырлықты дамыту, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыру, мәдени күндер, тақырыптық іс-шаралар, ашық дәрістер мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыру, сондай-ақ екі елдің жоғары оқу орындары мен бейінді ұйымдары арасындағы байланысты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар білім мен ғылым саласындағы серіктестікті нығайту екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтіп, алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.
