Қазақ ұлттық спорт университетіне Польша Республикасының Быдгощ қаласындағы WSG University ректоры бастаған делегация ресми сапармен келді.
Кездесу барысында академиялық ұтқырлық, бірлескен білім беру бағдарламалары, ғылыми жобалар және оқытушылардың тәжірибе алмасуы мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар қонақтар университеттің спорттық инфрақұрылымы және ғылыми зертханаларымен танысты. Бұл кездесу халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және жаңа серіктестік мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.
Қазақ ұлттық спорт университетіне Польша Республикасынан делегация келді | KNUS