Қазақ ұлттық спорт университеті мен Éklore-ed School of Management (Франция) арасында меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында спорттық бизнес және іс-шараларды басқару саласындағы бірлескен қос дипломдық бакалавриат бағдарламасы іске қосылды.
Бағдарлама түлектері KNUS және Éklore-ed дипломдарына ие болып, спорт индустриясында халықаралық деңгейде мансап құруға мүмкіндік алады.
Аталған келісім университеттің халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуге және білім беру сапасын арттыруға бағытталған.