Қазақ Ұлттық спорт университетінің 3 курс студенті, жас таеквондошы Ануар Мұхаметкәрімов 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Таеквондодан Қазақстан Республикасы чемпионатында 74 кг салмақта топ жарып, ел чемпионы атанды.Бұл Ануардың жоғары спорттық шеберлігінің, табандылығы мен тынымсыз еңбегінің жарқын нәтижесі.
Спорт пен білімді қатар алып жүрген Ануар үшін бұл жеңіс үлкен жетістіктің бастауы. Ел чемпионатындағы жеңіс жас спортшының кәсіби шеберлігін шыңдап, алдағы халықаралық додаларға жол ашатын маңызды қадам. Қазақ ұлттық спорт университеті Ануар Мұхаметкәрімовті жарқын жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыс, биік белестер және халықаралық додаларда жоғары нәтижелер тілейді!