2026 жылғы 17 наурызда кадрлар даярлау бағыты 6В04 «Бизнес, басқару және құқық» бойынша Академиялық комитеттің отырысы өтті.
Отырыс барысында 7M04101 «Спорттық менеджмент» білім беру бағдарламасын жетілдіру және аккредитация қорытындысы бойынша берілген ұсынымдарды іске асыру мәселелері қаралды.
Академиялық комитет мүшелері, жұмыс берушілер және спорт индустриясының өкілдері білім беру бағдарламасының мазмұнын, оқу жоспарына енгізілген пәндердің өзектілігін және олардың спорт индустриясының қазіргі талаптарына сәйкестігін талқылады. Сонымен қатар жұмыс берушілермен жүйелі өзара іс-қимылды нығайту, білім беру бағдарламасының мазмұны бойынша тұрақты кері байланыс алу және пәндердің практикалық бағыттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша спорт индустриясының өкілдерін білім беру бағдарламасын өзектендіру үдерісіне тұрақты тарту, салалық ұйымдармен жұмыс кездесулері мен сараптамалық сессияларды жүйелі ұйымдастыру, сондай-ақ магистранттардың практикалық даярлығын кәсіби ортада күшейту жөнінде шешімдер қабылданды.
Атап айтқанда, «Спорт индустриясындағы инновациялық менеджмент» пәні бойынша жекелеген практикалық сабақтарды Астана Олимпиадалық даярлау орталығының базасында ұйымдастыру жоспарланды. Бұл бағыттағы жұмыстар білім беру бағдарламасының мазмұнын еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкестендіруге және магистранттардың кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған.
