Виза және көші-қон мәселелері (ТМД елдері үшін)
ТМД елдерінен келген студенттер үшін ҚР-ға келгеннен кейін уақытша тұруға рұқсат (УТР) ресімделеді.
Шетелдік студенттер үшін қажетті құжаттар:
ҚР-ға кіру жүзеге асырылған шетелдік паспорттың түпнұсқасы (оның қолданылу мерзімі визаның қолданылу мерзімі өткен күннен бастап 3 айдан ерте аяқталмауы);
Дактилоскопиядан өту туралы анықтама;
ЖСН;
APEMSжатақханасында тұрмаған жағдайда пәтер иесінің тұруға нотариаттық келісімі (егер келісім студенттің ата-анасына жазылған болса, туу туралы куәлік беру қажет болады);
МТК мекенжай коды.
Студенттік виза C-9
C9 визасы бір жылдың ішінде Қазақстан Республикасына бірнеше рет кіру/шығу мүмкіндігі қарастырылған және жыл сайын жаңартылатын виза түрі.
Қазақстан Республикасына (ҚР) виза ресімдеу:
Қажетті құжаттар тізімі:
ҚР-на кіру жүзеге асырылған шетелдік паспорттың түпнұсқасы (оның қолданылу мерзімі визаныңқолданылу мерзімі өткен күннен бастап 3 айдан ерте аяқталмауы);
Консулдық алым;
Этникалық қазақтар консулдық алым төлеуден босатылады. Ол үшін олардың қазақ ұлтына жататынын растайтын консулдық қызметтен алынған анықтаманы ұсыну қажет.
Фотосуреті бар толтырылған визалық сауалнама;
Дактилоскопиядан өту туралы анықтама;
МТК мекенжай коды.
МАҢЫЗДЫ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына өткеннен кейін, бірінші күні шетел азаматтары (демалыс және мереке күндерін ескере отырып) APEMS Халықаралық ынтымақтастық департаментіне келуі тиіс.
Паспортты тіркеу үшін шетел азаматтары мына құжаттарды ұсынуы қажет:
Визалық режимі бар елдер үшін:
- паспорт және мемлекеттік шекараны кесіп өткендігі және визасы туралы белгісі бар - паспорттың көшірмесі
- шекарада берілетін миграциялық карточка
- пәтер иесінен нотариалды түрде куәландырылған жазбаша келісім немесе жатақханадан анықтама
Визасыз режимі бар елдер үшін:
- паспорт және мемлекеттік шекараны кесіп өткендігі және визасы туралы белгісі бар паспорттың көшірмесі
- шекарада берілетін миграциялық карточка
- оқуға қабылдау, курстан курсқа ауысу туралы бұйрықтың көшірмесі
- пәтер иесінен нотариалды түрде куәландырылған жазбаша келісім немесе жатақханадан анықтама
- Халықаралық ынтымақтастық департаменті шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде олардың паспорттарын көші-қон полициясының органдарында тіркейді. Есептелуі 00:01 сағаттан басталады
- Шетел азаматтары Қазақстан Республикасына оқу визасының басталу мерзімі күнінен ерте келмеуі тиіс. Басқа визалармен (туристік, жеке және т.б.) келген жағдайда, шетел азаматтары оқу визасының басталу күніне дейін кетіп, оның күшіне енген күнінен кейін қайта келуі керек
- Әрбір шетел азаматы тіркелген мекен-жайында тұруы тиіс. Тіркеуде көрсетілген мекен-жайда тұрмау, көші-қон заңнамасын бұзу болып табылады
- Халықаралық ынтымақтастық департаменті және факультет декандары APEMS жатақханасында тұратын шетел азаматтарын жоспарлы және жоспардан тыс тексеру жүргізу құқығына ие. Егер олар тіркеуде көрсетілген мекен-жайдан басқа жерде тұрып жатса, акті жасалып, шетел азаматтары көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін оқудан шығарылуы мүмкін
- Тұрғылықты мекен-жайын өзгерткен жағдайда, жаңа мекен-жайға көшу алдында шетел азаматы Халықаралық ынтымақтастық департаментіне келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
- паспорттың түпнұсқасы мен көшірмесі және виза
- жеке куәліктің көшірмесі және пәтер иесінен нотариалды куәландырылған уақытша тұру келісімі
Тек осы құжаттарды ұсынғаннан кейін ғана шетел азаматы жаңа мекен-жайға көшіп баруға құқылы.
- Егер жатақханадан уақытша кету жағдайында, шетел азаматы Халықаралық ынтымақтастық департаментіне жатақхана комендантының белгісімен қайда және қанша уақыт болмайтындығы туралы жазбаша хабарлама ұсынуға міндетті
- Оқу жылы ішінде әрбір шетел азаматы шетелге шығу алдында шығуға рұқсат алу керек
* Егер шетел азаматы Халықаралық ынтымақтастық департаменті мен факультет деканынан хабарлама/рұқсат алмай шетелге шықса, ол APEMS-тан шығарылуы мүмкін.
- С9 оқу визасын алу үшін шетел азаматтарына APEMS халықаралық ынтымақтастық департаменті арқылы шақыру рәсімделеді
- Шетел азаматтары көп реттік (90 күннен көп) немесе бір реттік (90 күннен аз) С9 визасына (білім алу) шақыру алу үшін келесідей құжаттарды ұсынуы керек:
- паспорт көшірмесі
- оқуға қабылдау/курстан курсқа өткізу туралы ректор бұйрығының үзінді көшірмесі
білім беру қызметтерін көрсетуге келісім шарт көшірмесі (бар болған жағдайда);
- бекітілген нұсқадағы анкета
- пәтер иесінің нотариалды куәландырылған келісімі немесе APEMS жатақханасынан жолдама (уақытша тұрғылықты жері бойынша)
- Шақыруды Астана қаласының көші-қон полициясы органы 5 жұмыс күні барысында рәсімдейді, сонымен қатар, қарастыру мерзімі 30 күнге дейін созылуы мүмкін
- Виза мерзімі аяқталғанға дейін 15 күнтізбелік күн бұрын APEMS Халықаралық ынтымақтастық департаменті арқылы виза мерзімін ұзарту жүргізіледі. Оқу визасы 1 жылға ұзартылуы мүмкін
- Егер паспорттың мерзімі аяқталатын болса, оны визаның аяқталу мерзімінен 120 күн бұрын консулдық қызмет департаментінде алдын ала ұзарту қажет
- Оқу визасын ұзарту үшін шетел студенттері оқу визасының мерзімі аяқталғанға дейін кем дегенде 15 күн бұрын келесі құжаттарды ұсынуы керек:
- Қазақстан Республикасына кіру үшін пайдаланылған шетелдік паспорттың түпнұсқасы (мерзімі визаның аяқталу күнінен кем дегенде 3 ай бұрын бітпеуі керек)
- Консулдық жинақ
- Суреті бар толтырылған визалық сауалнама
- Дактилоскопиядан өткендігі туралы анықтама (Астана қ. полиция басқармасы)
- Тіркелген мекен-жайдың РКА коды
- Шетел азаматтары визаның мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын Халықаралық ынтымақтастық департаменті арқылы визаны уақытында ұзарту немесе Қазақстан Республикасының аумағын тастап шығу керек
- Шетел азаматтары паспорт және виза мерзімдерін сақтау бойынша жеке жауапкершілікті өздеріне алады
