Халықаралық жобалар
ERASMUS+ — жоғары білім берудегі әлеуетті арттыру
Erasmus+ жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру (HEB) компоненті серіктес елдердегі университеттер мен жоғары білім беру жүйелеріне ұзақ мерзімді әсер етуге бағытталған жобаларды қаржыландыруды ұсынады.
HEB жобалары — 34 Бағдарлама елі мен 150-ден астам серіктес елдің жоғары оқу орындары арасындағы көпжақты серіктестікке негізделген трансшекаралық ынтымақтастық жобалары. Erasmus+ бағдарламасына қаржылай үлес қосатын Бағдарлама елдеріне 28 ЕО мүше мемлекеті, сондай-ақ Исландия, Лихтенштейн, Норвегия, Сербия, Түркия және Солтүстік Македония жатады. Қазақстан осы компонентке қатысуға құқылы серіктес елдердің бірі болып табылады.
HEB жобалары төмендегі мақсаттарды шешуге бағытталған:
- жоғары білім беруді жаңғыртуды, инновацияны және қолжетімділікті қолдау
- жоғары білім сапасын және оның еңбек нарығы мен қоғам қажеттіліктеріне сәйкестігін арттыру; тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, оқытуды ұйымдастыру және жоспарлау, жоғары оқу орындарын операциялық және стратегиялық басқару, олардың халықаралық деңгейге шығуын қолдау
- ЕО мен серіктес елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту
- жаңа және инновациялық білім беру бағдарламалары арқылы құзыреттілікті арттыру
- бірлескен бастамалар және озық тәжірибе алмасу арқылы әлемнің әртүрлі аймақтары арасындағы аймақтық және аймақаралық интеграция мен ынтымақтастықты ілгерілету







